16.06.2026, 16:58 1031

Қазақстанның Жапония мен Сербия арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алды

Қазақстанның Жапония мен Сербия арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алды
Қазақстандық дипломаттар Жапония мен Сербияда келіссөздер өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Токио қаласында өткен кездесулер барысында тараптар энергетика және климат салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, жасыл технологияларды дамыту және тұрақты даму бағытындағы өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды. Ал, Белградтағы келіссөздерде қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Энергетика экономикасы институтының Төрағасы Тацуя Теразавамен кездесу өткізді. Е.Баударбек-Қожатаев ү.ж. 22-24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит барысында қабылданған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының "Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы" декларациясының негізгі ережелерін таныстырды. Ол сұхбаттасушыны өңір елдерінің климаттың өзгеруіне, шөлейттенуге және қоршаған ортаның ластануына қарсы күреске бағытталған бірлескен күш-жігерімен таныстырды.

Т.Теразава жаһандық нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында Жапонияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті. Ол жапон тарапының энергетикалық және климаттық күн тәртібінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде уран өндірісін дамыту, маңызды шикізат минералдарын игеру және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды ілгерілету бойынша толық ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді.

Сондай-ақ, тараптар Жапонияның Энергетика экономикасы институты әзірлеген Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жол картасының іске асырылуын талқылады. Бұл құжат жапон бизнесі үшін климаттық инвестициялардың келешегін бағалауда, төмен көміртекті технологияларды енгізуде және энергетикалық көшім бойынша ынтымақтастықты дамытуда маңызды бағдар болып табылады.

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Қорғаныс министрі Братислав Гашичпен кездесті. Тараптар қорғаныс саласындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық пен әскери-техникалық әріптестікті талқылап, Сербия Президенті А.Вучичтің 2026 жылғы 26-27 ақпанда Астанаға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударды.

Елші М.Атамқұлов Қазақстанның тәжірибе алмасуға және қорғаныс құрылымдарын жаңғыртуға мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде министр Б.Гашич серб қорғаныс ведомствосының осы саладағы Қазақстан-Сербия диалогвн одан әрі дамытуға берік бейілділігін растады. Кездесу соңында Елші М.Атамқұлов пен Министр Б.Гашич қауіпсіздік саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін сындарлы диалог пен өзара іс-қимылды жалғастыру ниеттерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны