01.06.2026, 16:45 18511

Қазанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездеседі

Қазанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездеседі
10 маусым күні Қазан қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев басқарады. Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы заманауи сын-қатерлер мен қауіптер жөнінде пікір алмасады", - деді СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.


Спикердің айтуынша, отырыс қорытындысы бойынша бірқатар саяси мәлімдемелер мен құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 2030 жылға дейінгі Терроризмге қарсы стратегияның жобасын мақұлдау көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны