23.02.2026, 20:25 4631
Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Абдурахмон Абдурахмонзодамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық өзара іс-қимылын дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ екі елдің аумағында түрлі салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.
Тараптар Душанбе қаласында кезекті отырысы жоспарланып отырған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның рөлін оң бағалады. ҮАК отырысына 2030 жылға дейінгі тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасын дайындау ұсынылды.
Қазақ дипломаты қазақ екі мемлекет арасындағы тауарлар номенклатурасын жалпы сомасы шамамен 200 млн долларға ұлғайтуға дайындығы туралы хабарлады, екіжақты сауданы ынталандыру үшін "KazakhExport" Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржы-сақтандыру құралдарын пайдалануға шақырды, сондай-ақ ҚР Үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторларды қолдау жөніндегі шаралары туралы баяндады.
Екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығының
2 млрд. долларға дейін ұлғаю әлеуеті бар кең болашағы бар екені аталып өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 1,19 млрд долларды құрады.
Кездесу соңында тараптар экономикалық саладағы қазақ-тәжік қарым-қатынастарын нығайту ісінде жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.02.2026, 23:25 83396
Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Лондонға сапары аясында Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрінің міндетін атқарушы, сондай-ақ Қазақстан-Ұлыбритания сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Крис Брайантпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан-Ұлыбритания үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы ретінде Сіз көп жоспарлы серіктестікті ілгерілетуде маңызды рөл атқарасыз. Біз осы тетіктің көмегімен бұдан арғы іс жүзіндегі нәтижелерге жете аламыз деп санаймыз. Аса маңызды қазбалар, ядролық энергетика, цифрлық трансформация және жасанды интеллект секілді басым секторлардағы инновациялық серіктестікті кеңейте отырып, біздің елдер ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастыққа негіз қалай алады", - деп сұхбат барысында Е.Көшербаев хабарлады.
Сұхбат барысында тараптар саяси диалогтың оң серпіні мен екіжақты сауда көлемінің айтарлықтай өскенін атап өтті. Өткен жылы өзара сауда айналымы 1,6 млрд АҚШ долларына жетіп, 84 пайызға ұлғайған. Ұлыбританияның инвестициялық белсенділігіне ерекше назар аударылды: бүгінде Қазақстанда британ капиталының қатысуымен 500-ден астам компания табысты жұмыс істеп келеді. Олар маңызды минералдар, жасыл энергетика, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект сияқты басым салаларда жобаларды іске асыруда.
Энергетика саласында тараптар Қазақстан мұнайының Еуропаға тұрақты жеткізілуін және британ компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Е.Көшербаев маңызды минералдар секторын дамытудың стратегиялық маңызына ерекше тоқталып, "Rio Tinto" және "Maritime House" компанияларымен бірлескен табысты жобаларды атап өтті. Қол қойылған Маңызды минералдар жөніндегі жол картасы шеңберінде сирек жер элементтерін өндіру және қайта өңдеу бағытындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Өткен жылы жарияланған Ұлыбританияның маңызды минералдар жөніндегі стратегиясына айрықша назар аударылды, онда Қазақстан тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың үлгісі ретінде көрсетілген. Ұлыбритания стратегиялық маңызы бар деп айқындаған 36 минералдың 22-сі бүгінде Қазақстанда өндіріледі. Олардың қатарында уран, титан, кремний және рений бар. Бұл еліміздің тұрақты әрі сенімді жеткізу тізбегін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес ретіндегі рөлін растайды.
Сұхбаттастар қазіргі таңда бұл саладағы ынтымақтастық нақты жобалар кезеңіне өтті деген пікірге келді. Басымдық қосылған құн қалыптастыруға, яғни қайта өңдеу және тазарту өндірістерін дамытуға, ілеспе компоненттерді бөліп алуға, тиісті сервистік қызметтер ұсынуға, заманауи қайта өңдеу қуаттарын құру мен жобаларды қаржылық сүйемелдеудің ашық тетіктерін енгізуге бағытталған.
Келіссөздердің жекелеген бөлігі білім беру саласындағы бастамаларға арналды. Атап айтқанда, Алматы қаласында "Coventry University" жаңа кампусының ашылуы және "Heriot-Watt University" қызметін кеңейту жоспарлары талқыланды. Е.Көшербаев қос диплом бағдарламаларының, академиялық ұтқырлық пен тағылымдамалардың жүзеге асырылып жатқанын, сондай-ақ қазақ тілінің алғашқы Оксфорд сөздігінің жарық көруін және "Oxford University"-де қазақ тілі курстарының іске қосылғанын атап өтті.
Тараптар цифрлық және технологиялық серіктестіктің перспективаларын, оның ішінде "OneWeb" компаниясымен өзара іс-қимылды және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Сондай-ақ ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға британ сарапшылары мен компанияларының белсенді қатысып отырғаны аталып өтті.
Кездесу қорытындысында К.Брайант Ұлыбританияның Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, негізгі жобаларды іске асыруға және экономика, ғылым мен технология салаларында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін үкіметаралық диалогты кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2026, 23:04 83621
Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады
Достарға айту
Құрама Корольдікке сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Иветт Купермен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Е.Көшербаев "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы алғашқы министрлік кездесуін өткізу бастамасы үшін британ Үкіметіне алғысын білдіріп, оның өзектілігі мен іс жүзіндегі бағыттылығын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар қазақ-британ қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ сауда және инвестициялар, маңызды минералдар, көлік және логистика, қаржы, цифрландыру, білім беру және климаттық күн тәртібі салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.
2024 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығы аталып өтіп, оны ратификациялау өзара іс-қимылды кең ауқымды бағыттар бойынша тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер беретіндігі көрсетілді.
Биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 34 жыл толуын атап өтуде. Осы кезең ішінде Астана мен Лондон белсенді саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтіп, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтты. Ұлыбритания Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі болып қала береді және біз стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілдіміз", - деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.
Маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Қол қойылған 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасының өзара іс-қимылға қолданбалы сипат беріп, геологиялық барлау, өңдеу және заманауи технологияларды енгізу салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік ашатыны атап көрсетілді.
Тараптар Еуразиялық байланысты нығайтудың және жаһандық логистикалық тізбектердің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту перспективаларын талқылады.
Білім және ғылым саласында академиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара қызығушылық расталды. Соңғы жылдары Қазақстанда "De Montfort University", "Heriot-Watt University", "Coventry University" және "Cardiff University" жетекші британ университеттерінің филиалдары ашылды. Бұл өзара іс-қимылдың неғұрлым терең институционалдық модельге көшуін және экономика мен инновациялардың ұзақ мерзімді дамуы үшін берік негіз қалыптастырылғанын айғақтайды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға назар аударылғанын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2026, 22:48 85431
Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұлыбритания тарапының шақыруымен Лондонға келген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев "Орталық Азия + Ұлыбритания" (CA5+UK) форматы аясында Орталық Азия мемлекеттері мен Ұлыбритания сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде экономикалық өсу мүмкіндіктерін, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді, өңірлік өзара байланыстылықты нығайту және халықаралық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты талқылады.
Өз сөзінде Е.Көшербаев өңір мен Ұлыбритания арасындағы прагматикалық, өзара тиімді стратегиялық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, оның барлық қатысушы елдердің орнықты экономикалық дамуына ықпал ететінін жеткізді.
Қазақстан өңірлік байланыстылықты қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады. Біздің аумақ арқылы 13 ірі транзиттік дәліз өтеді, ал Еуропа мен Азия арасындағы құрлық арқылы жүк тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады. Дәл осы стратегиялық маңыздылық "CA5+UK" форматының өзегін құрайды. Оның шеңберінде біз Ұлыбританияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастырамыз және экономикаларымыздың, қоғамдарымыздың және ортақ болашағымыздың игілігі үшін іс жүзіндегі нәтижелерді қамтамасыз етуге дайынбыз", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Иветт Купер өз сөзінде Орталық Азияның орнықты экономикалық өсуімен, өңірлік ынтымақтастықтың артуымен және халықаралық үдерістердегі рөлінің күшеюімен ерекшеленетін серпінді дамып келе жатқан өңір ретіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ өңір елдерінің өзара іс-қимылға прагматикалық тұрғыдан келіп, өзара байланыстылықты нығайтып, экономикалық және саяси ынтымақтастықтың заманауи архитектурасын қалыптастыруға қатысуын дәйекті кеңейтіп жатқанын айтты.
Талқылаулар барысында Орталық Азияның ресурстық және транзиттік әлеуетін Ұлыбританияның қаржы, реттеушілік стандарттар, технологиялар және білім беру салаларындағы артықшылықтарымен ұштастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері "CA5+UK" Ұлыбритания мен Орталық Азия елдерінің арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды форматы деп жоғары бағалады. Бұл формат құрылымдалған және нәтижеге бағдарланған диалогты дамыту үшін маңызды алаң ретінде атап өтілді. Ол Орталық Азия елдерінің ортақ мүдделерін ескере отырып, өңірлік күн тәртібін кешенді қарастыруға, сондай-ақ экономикалық бастамаларды ілгерілету және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2026, 21:55 84046
Эдинбург герцогы, ханзада Эдвард Орталық Азия елдерінің cыртқы істер министрлерін Лондонда ресми кездесуге шақырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұлыбритания корольдік отбасының мүшесі, Эдинбург герцогы ханзада Эдвард Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерін ресми кездесуге шақырды. Кездесу барысында тараптар өңір мен Ұлыбритания арасындағы білім беру, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
CA5+UK" форматындағы сапар Орталық Азия мен Ұлыбритания арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін бастайды. Осы форматтағы бірлескен жұмыс біздің мемлекеттеріміздің дамуына және өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуге тың серпін беретініне сенімдімін", - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев.
Сонымен қатар Министр елімізді халықаралық білім беру хабына айналдыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, Қазақстанда өздерінің дербес кампустарын ашқан "Cardiff University", "Coventry University" және "De Montfort University" секілді жетекші британдық университеттермен белсенді серіктестікті атап өтті.
Кездесу барысында қазақ тарапы британдық стипендиялар мен гранттарға, білім беру бастамаларына қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ орнықты даму, климаттың өзгеруі, цифрлық технологиялар мен медицина салаларында бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтарын құруға мүдделі екенін білдірді.
Тарих, өнер және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды дамыту, сондай-ақ студенттерге, зерттеушілерге және кәсіпкерлерге арналған визалық рәсімдерді жеңілдету, тікелей әуе қатынасын кеңейту және өңірлер арасында жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру мәселелеріне бөлек назар аударылды.
Өз сөзінде ханзада Эдвард ұзақ мерзімді серіктестіктің негізі ретінде халықтар арасындағы байланыстарды нығайтудың ерекше маңызын атап өтті. Ол Ұлыбритания екі тарап үшін басым бағыттарда ынтымақтастықты дамытудағы Қазақстанның ашықтығы мен белсенді ұстанымын жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2026, 20:53 84266
Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі мен Мексика Парламенті Депутаттар палатасындағы Достық тобы 2026 жылға арналған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Іс-қимыл жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған құжат өзара іс-қимылды жандандыру аясында бірқатар мәселелерді қамтиды, оның ішінде саяси және парламентаралық диалогты дамыту, экономикалық және мәдени дипломатия, технологиялар, инновациялар және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық, орнықты даму және басқа да бағыттар бар.
Нақты қадамдардың бірі ретінде парламентшілердің өзара сапар алмасуын ұйымдастыру ниеті көзделген. Мексикалық заң шығарушылар Қазақстанда конституциялық реформа қабылданған жағдайда өтетін ықтимал парламенттік сайлауға қызығушылық танытты.
Қазақстан Парламентімен өзара жұмыс аясында жасанды интеллект саласындағы заңнаманы әзірлеу және қабылдау жөніндегі қазақстандық тәжірибені зерделеуге қызығушылық білдірілді.
Тараптардың бірлескен күш-жігерін қажет ететін тағы бір маңызды бағыт елімізде Мексиканың Елшілігін ашу мәселесі де қарастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2026, 19:51 84486
Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы серіктестікке жаңа серпін беруде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекияның Білім, дін және спорт министрі София Захаракимен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілікті растады және білім беру мен гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылға жаңа серпін беру жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуде білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімді іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Құжаттың негізгі бағыттары бойынша жұмысты жандандыруға, оның ішінде алмасуларды кеңейтуге, жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға және бірлескен білім беру бастамаларын іске қосуға дайындық расталды. Осы тұрғыда студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын кеңейтудің, жоғары оқу орындары арасында орнықты әріптестік тетіктерін қалыптастырудың, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды ілгерілетудің маңыздылығына назар аударылды.
Елші қазақстандық тараптың елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар және жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі алдағы референдум туралы ақпарат беріп, аталған өзгерістердің парламенттік жүйені одан әрі нығайтуға, тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктерін жетілдіруге және адам құқықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан өткізетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінің конфессияаралық диалогты дамытуға, бейбітшілік, өзара құрмет және жаһандық ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетуге арналған беделді халықаралық алаң ретіндегі маңыздылығы ерекше аталды.
Сапар аясында Қазақстан Елшісінің Грекияның Білім, дін және спорт министрлігінің жоғары білім мәселелеріне жетекшілік ететін Вице-министрі Николас Папаиоаннумен кездесуі өтті. Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, академиялық ұтқырлықты дамыту және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын жүзеге асыру перспективалары мазмұнды түрде талқыланды.
Тараптар гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары жөнінде де пікір алмасты. Мәдени және білім беру байланыстарын нығайтуға өзара қызығушылық расталып, Қазақстандағы грек диаспорасының екі халық арасындағы достық пен өзара түсіністіктің табиғи көпірі ретіндегі маңызды рөлі аталып өтті.
Қол жеткізілген уағдаластықтар бірлескен бастамаларды практикалық тұрғыда іске асыруға және білім мен мәдениет саласындағы Қазақстан-Грекия әріптестігін дәйекті түрде нығайтуға берік негіз қалайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім 2002 жылғы 26 маусымда қол қойылып, 2007 жылғы 12 наурызда күшіне енді. Құжат білім және мәдениет салаларында екіжақты өзара іс-қимылды дамытуды, оның ішінде студенттер мен оқытушылар алмасуды, білім беру және мәдени мекемелер арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды көздейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2026, 18:49 86216
Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев БҰҰ Туризм Бас хатшысы Шейха Насер Әл Новаиспен кездесті. Кездесу барысында тараптар 2026-2028 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастау мәселесін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші туристік хабтардың бірі және тұрақты әрі инновациялық туризмді ілгерілетудегі сенімді серіктес ретіндегі позициясын нығайту ниетін растады.
Сондай-ақ елімізді туризм саласындағы диалог, инвестициялар мен инновациялар үшін өңірлік платформаға айналдыруға, соның ішінде "жасыл" стандарттар мен смарт-шешімдерді ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Тараптар өзара түсіністіктің жоғары деңгейін растады және бастамаларды нақты бірлескен жобаларға ұластыру мақсатында практикалық жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2026, 17:47 86411
Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Загребте Қазақстандағы конституциялық реформа бойынша дөңгелек үстел өтті. Әділ және тыңдайтын мемлекет құруға міндеттемесі шеңберінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Дәулет Батырашев конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси өзгерістердің логикалық жалғасы болғанын атап өтті. Өзгерістер мемлекеттілікті институционалдық тұрғыдан нығайтуға, үкіметтің жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың саяси процестерге қатысуын кеңейтуге бағытталғаны аталып өтті.
Қазақ дипломаты Конституция жобасының негізгі ережелерін, соның ішінде бір палаталы Парламентті құруды, Қазақстан Халық Кеңесін ең жоғары консультативтік орган ретінде құруды және Вице-президент лауазымын құрудыитуция жобасының негізгі ережелерін, соның ішінде бір палаталы Парламентті құруды, Қазақстан Халық Кеңесін ең жоғары консультативтік орган ретінде құруды және Вице-президент лауазымын алдық тұрғыдантің ең жоғары басымдығы ретінде нығайтуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың 5-ші сессиясында жариялаған бастамалары, соның ішінде конституциялық модельді одан әрі жетілдірудің, биліктің сабақтастығын және саяси жүйенің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңыздылығы талқыланды.
Хорватиядағы "Қазақстан - Хорватия" Достық қоғамының, академиялық қауымдастықтың және сарапшылық топтардың өкілдері дөңгелек үстелге қатысты. Атап айтқанда, жаңадан сайланған Достық қоғамының төрағасы Горан Беус Рихемберг Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға беріп, олардың жүйелі және біртіндеп жүзеге асырылатын сипатын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, конституциялық нормаларды жаңарту мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыруға, құқықтық кепілдіктерді нығайтуға, парламентаризмді дамытуға және қоғамдық бақылау механизмдерін күшейтуге ықпал етеді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар реформаларды дәйекті түрде жүзеге асыру Қазақстанның заң үстемдігі мен институционалдық жаңғырту қағидаттарына берілген динамикалық дамып келе жатқан және ашық мемлекет ретіндегі халықаралық беделін нығайтатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.02.2026, 17:47Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды 26.02.2026, 18:49 86426Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 19:51 86066Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы серіктестікке жаңа серпін беруде26.02.2026, 20:53 85846Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі26.02.2026, 21:55 85626Эдинбург герцогы, ханзада Эдвард Орталық Азия елдерінің cыртқы істер министрлерін Лондонда ресми кездесуге шақырды
09.02.2026, 22:39 224551Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 210956Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 210831Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 210796Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 210721Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

