03.02.2026, 15:27 891

Эр-Риядта Қазақстанның конституциялық реформалары талқыланды

Эр-Риядта Қазақстанның конституциялық реформалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Шығанақ зерттеу орталығының төрағасы, өңірдегі беделді сарапшы Әбділәзиз Сақрмен келіссөздер өткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасына Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің негізгі бағыттары, сондай-ақ жалпыұлттық референдумға шығарылатын ауқымды конституциялық реформалар туралы ақпарат берді.

М.Меңілбеков бір палаталы парламентке көшу, вице-президент лауазымын енгізу және "Қазақстан халық кеңесін" құру бастамаларына тоқталды.

Өз кезегінде Ә.Сақр Қазақстандағы конституциялық реформаларға қызығушылық танытып, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерістеріне оң баға берді. Ол аталған реформалар Қазақстан тарихындағы маңызды саяси кезеңдердің бірі болатынын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны