29.01.2026, 21:00 38841
Франция сенаторларына Қазақстандағы конституциялық реформалар таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Франция Парламенті Сенатының депутаттарымен, "Франция - Орталық Азия" достық тобының мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова француз тарапын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында жариялаған елдегі конституциялық реформа туралы хабардар етті. Ерекше назар негізгі реформалар бағыттарына аударылды, оның ішінде бірпалаталы парламент құру, Вице-президент лауазымын енгізу, сондай-ақ "Халық кеңесі" институтын қалыптастыру мәселелеріне аударылды.
Француз сенаторлары ұсынылған реформаларды жаңашыл әрі өршіл бастама ретінде бағалап, олардың Қазақстанның одан әрі орнықты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ сенаторлар парламентаралық диалогты нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.
Сонымен қатар, сенаторлар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар мен қоғамдық-саяси үдерістерге айрықша мән беріп, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары мен саясаттағы жаңашыл бастамалардың жүзеге асырылу барысын үнемі жіті назарда ұстайтындарын атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан-француз ынтымақтастығының қарқынды дамуын атап өтіп, оның ішінде "Франция - Орталық Азия" достық тобы аясында да сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.07.2026, 16:13 41
Қазақстан Камбоджаға астық пен тыңайтқыш жеткізілімін ұлғайтуға дайын
Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджамен серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді
Достарға айту
Қазақстан Камбоджаға астық, тыңайтқыштар және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға дайын. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджаның премьер-министрі Хун Манетпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексіндегі үздік 24 елдің сапына енетін Қазақстан озық технология саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады.
Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджамен берік достыққа және өзара құрметке негізделген серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін әлеует мол екенін атап өтті.
Әңгімелесу барысында Президент пен Премьер-министр жаһандық және аймақтық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК қызметіне қолдау көрсеткені үшін Камбоджа тарапына ризашылық білдірді. Сондай-ақ Премьер-министрге Астананың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама көтергенін айтты.
Кездесу соңында Хун Манет Қазақстан Президентін өзіне қолайлы уақытта Камбоджаға сапармен келуге шақырды.
Премьер-министр Хун Манет Камбоджаның Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін растады
🟦Ол екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызына тоқталып, бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
🟦Әңгімелесу барысында Президент пен Премьер-министр жаһандық және аймақтық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК қызметіне қолдау көрсеткені үшін Камбоджа тарапына ризашылық білдірді. Сондай-ақ Премьер-министрге Астананың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама көтергенін айтты.
🟦Кездесу соңында Хун Манет Қазақстан Президентін өзіне қолайлы уақытта Камбоджаға сапармен келуге шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 15:30 536
"Ақ жол" партиясының Құрылтай сайлауына арналған партиялық тізімі тіркелді
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демократиялық партиясының Құрылтай сайлауына ұсынылған партиялық тізімін тіркеді.
Осылайша, партияның Құрылтай депутаттығына ұсынған кандидаттары белгіленген тәртіппен ресми түрде тіркеуден өтті және сайлау науқанына қатыса алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 14:50 731
Тоқаев Таиландтың премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтың премьер-министрі Анутин Чарнвиракулды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.
Өз кезегінде Анутин Чарнвиракул елінің өзара мүддеге сай көптеген мәселе бойынша ықпалдастықты арттыруға ниетті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Бангкок экономика, сауда, цифрландыру және туризм салаларындағы әріптестікке тың серпін беру қажет деп санайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 13:48 2116
Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында цифрлық көпір құруды ұсынды
Достарға айту
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық сауда мен екі елдің цифрлық экономикаларын интеграциялауды дамыту мақсатында "Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін" құруды ұсынды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект ;-y3yltu3 конференция барысында (WAIC) таныстырды.
Біз "Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін" іске қосуды ұсынамыз. Басты мақсат - цифрлық сауданы жандандыру және "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында цифрлық экономикаларды ықпалдастырудың тиімді үлгісін қалыптастыру. Өңдеу секторы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару секілді салаларда жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі кеңінен енгізу ісін жеделдеткен жөн",- деп мәлім етті ҚР Президенті.
Ол, жасанды интеллектіні реттейтін ұлттық саясат пен заңдық тетіктерді өзара үйлестіру айрықша мәнге ие екендігіне тоқталып өтті.
ЖИ жүйелерін тестілеу мен сертификаттаудың ортақ стандарттарын түзу де өте маңызды. Біз жасанды интеллектіні теріс мақсатқа пайдаланудың алдын алатын, соның ішінде кибершабуыл, дипфейк, цифрлық алаяқтық пен басқа да қатерлерден қорғайтын пәрменді шаралар әзірлеуіміз керек. Келесі жылды екі елде Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялауды ұсынамыз. Қытай Үкіметі мұны қолдаса, зор ризашылықпен қабылдар едік", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 13:43 2356
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияға қатысуда
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Шанхай қаласында "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбымен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция (WAIC) өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бүгінде дүние жүзіндегі жасанды интеллектіні зерттеушілердің жартысынан астамы - Қытай елінің өкілдері. ЖИ саласындағы патенттердің басым бөлігі қытайлық жаңашыл мамандарға тиесілі. Ал елдің қарқынды инновациялық экожүйесі озық технологиялардың көптеген бағытында соны серпіліс жасауда", - деді Президент.
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда жарияланған "Барша адамзат игілігіне қызмет ететін ЖИ" тұжырымдамасына қолдау білдірді.
Технологиялық прогресті баршаның игілігіне айналдыруға күш-жігер жұмылдырғанда осы ұсынылған қағидаттарды басшылыққа алған жөн деп санаймын. Келешектің келбетін өзара сенім мен ортақ мүддеге сай тығыз ынтымақтастық орнатып, серіктесе әрекет ететіндер айқындайды. Мен бұған кәміл сенемін. Осы орайда Төраға Си Цзиньпин ұсынған "Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын" құру туралы тұжырымдаманың маңызы зор. Қазақстан алысты болжаған бұл бастаманы жоғары бағалайды әрі жасанды интеллект дәуірінде оның өзектілігі артып келеді деп санайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 12:06 3661
Брнодағы қазақ жастары екі елдің жоғары оқу орындарының арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге ниет танытты
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің басшылығы мен қызметкерлері Чехияның Оңтүстік Моравия өлкесіндегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесу өткізіп, консулдық қызмет көрсету, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жұмыспен қамту мүмкіндіктері, сондай-ақ алдағы парламенттік сайлау аясындағы дауыс беруге қатысу мәселелерін жан-жақты қарастырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қайрат Әбдірахмановтың пайымдауынша, шетелде білім алып жүрген қазақстандық жастардың әрдайым жоғары патриоттық рухымен, сапалы білімімен және оқуына деген жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ал, студенттер өз кезегінде биотехнология, автомобиль инженериясы, жобаларды басқару, өңірлік даму, қоршаған ортаны қорғау, экономика және гуманитарлық ғылымдар салаларында меңгеріп жатқан білімдері мен тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Чехияның жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге, академиялық ұтқырлықты дамытуға және тағылымдамалар ұйымдастыруға қатысты бірқатар нақты ұсыныстар ортаға салынды.
Кездесудің жеке бір бағыты алдағы Құрылтай сайлауына арналды.
Қайрат Әбдірахманов ұйымдастырылатын қайырымдылық, музыкалық және өзге де мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді атсалысып жүргендері үшін ризашылығын білдірді.
Брно қаласында өткен бұл кездесу студент жастардың, сондай-ақ білім мен ғылым саласының тұтастай алғанда Қазақстан мен Чехия арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2026, 20:49 13351
Климат және инвестиция: Қазақстан СІМ мен ЕҚДБ серіктестікті нығайтуда
Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруда тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) климаттық және инвестициялық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың банк делегациясымен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, тараптар ҚР мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ тұрақты даму, "жасыл" қаржыландыру, энергетикалық көшу, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және жеке секторды қолдау салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Австрияның Berglandmilch сүт кооперативі мен Грекияның Desserta Hellas компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстанда Қазақстанда сүт өнімдерін өндіру жобасын іске асыру перспективаларын талқылады. Жоба Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты инвестициялық ынтымақтастық аясында пысықталуда. Оны іске асырудың түрлі форматтары қарастырылуда: жеке өндіріс орнын ашудан бастап қазақстандық серіктестермен бірлескен кәсіпорын құруға дейін, сондай-ақ өнімді дистрибуциялаудан оны Қазақстанда кезең-кезеңімен жергілікті жерде өндіруге көшу мүмкіндігі зерделенуде.
Кездесу барысында сүтті қайта өңдеуді жергіліктендіру, ірімшік пен йогурт өндірісін дамыту, сүт жинау жүйесін және салқындату логистикасын жетілдіру, сондай-ақ озық технологияларды енгізу мен еуропалық сапа стандарттарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2026, 20:25 15531
Қазақстан Қытаймен мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі - Тоқаев
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қазақстан Қытаймен мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға әрдайым мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөздер барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. (...) Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастары жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Өзара ықпалдастықты дамытудың әлеуеті өте зор", - деді Си Цзиньпин.
Қытай басшысы сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге жоғары баға беріп, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады және алдағы Құрылтай сайлауына сәттілік тіледі.
Мемлекеттер басшыларының кездесуі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 49 млрд АҚШ долларына жеткені хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.07.2026, 09:36Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды 17.07.2026, 10:13 6806Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды17.07.2026, 10:54 6716Қазақстан мен ЕО қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады17.07.2026, 12:28 4846Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды17.07.2026, 11:49 4606Қазақстанда әуе тасымалының ережелері өзгеруде
10.07.2026, 14:56 71121Димаш Құдайберген Өскеменге келді10.07.2026, 15:22 70696Құрылтай сайлауына қатысатын барлық партиялар кандидаттар тізімін бекітті10.07.2026, 14:44 70106"Әділет" партиясы Құрылтай депутаттығына 186 кандидатты бекітті10.07.2026, 17:54 68081Қазақстанның АӨК өнімдерінің экспорты 36 пайызға өскен: Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының есебін тыңдады10.07.2026, 16:55 68066Бауыржан Молдажан Алатау қаласының прокуратурасын басқаратын болады
18.06.2026, 10:34 206056Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады23.06.2026, 17:00 205646Алматыдағы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді20.06.2026, 14:35 200741"Қазыналы Каспий" халықаралық фестиваліне 5 мыңнан астам атыраулық қатысты19.06.2026, 19:17 198141Түркістан облысында мақта алқаптарын суару жұмыстары басталды22.06.2026, 16:07 196061Алматыда 22-26 маусым аралығында электр қуаты уақытша өшіріледі
