27.02.2026, 12:54 2056

Кенияда парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Кенияда парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Кениядағы Елшісі Барлыбай Садықов Кения Парламенті Ұлттық Ассамблеясының Спикері Мозес Ветангуламен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы хабардар етті. Осы контексте Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі, жаңа Конституция жобасының ережелері, сондай-ақ 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Республикалық референдумды өткізуге дайындық туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, Б.Садықов серіктеске ҚР Парламентінің қызметі және Парламенттің Кениямен парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде Достық тобын құру және екі ел парламенттері арасында кездесулер өткізу арқылы мүдделілігі туралы егжей-тегжейлі хабарлады.

М.Ветангула, өз кезегінде, Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалай отырып, Кенияның парламенттік жүйесі туралы хабарлап, елдің негізгі даму жолдарын, оның қатарында жас ұрпаққа басымдық, экономикалық өсімді ынталандыру және әлеуметтік қорғауды жақсарту бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, М. Ветангула Кенияның Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін мәлімдеп, Найробидің парламентаралық қарым-қатынасты және екі ел арасындағы парламенттік делегациялар алмасуды, барлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды дәйекті түрде нығайту ниетін атап, сондай-ақ тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығына назар аударып, Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі нығайту бойынша өзара мүдделілікті растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны