30.01.2026, 18:07 1431

Кувейт Қазақстаннан ет өнімдерін жеткізуге қызығушылық танытуда

Кувейт Қазақстаннан ет өнімдерін жеткізуге қызығушылық танытуда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Кувейттегі Елшілігі "Eurasia Agro Semey" қазақстандық компаниясы өкілдерінің Кувейт Мемлекетіне сапарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталған компания Қазақстанда ірі ет өңдеу комбинатын салу жобасын іске асыруда.

Сапар аясында "Eurasia Agro Semey" компаниясы кувейттік "ALMARAI National Co." компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат 2026 жылдың тамыз айында кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін ет өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Тараптардың ниеттерін көздейді.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарында қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімнің қатысуын кеңейтуге бағытталған.

Сапар барысында қазақстандық компания басшылығы Кувейттегі азық-түлік дистрибуциясы саласындағы ірі сауда тобы - "Al-Yasra" компаниясымен, сондай-ақ Кувейттегі ең ірі супермаркет желілерінің бірі - "The Sultan Center" компаниясымен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық орнату перспективаларын, сондай-ақ Кувейт нарығына жоғары қосылған құны бар қазақстандық экспорттық өнімді жеткізудің ықтимал форматтарын талқылады.

Eurasia Agro Semey" өз жобасын кеңес дәуіріндегі саладағы ірі кәсіпорындардың бірі - Калинин атындағы Семей ет комбинатымен тарихи байланысты аумақта жүзеге асыруда.


Қазіргі уақытта компания халықаралық стандарттарға сай келетін, өңірдің өндірістік дәстүрлерінің сабақтастығын сақтай отырып, заманауи жоғары технологиялық ет өңдеу кешенін салуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны