25.02.2026, 22:24 33386

Латвияда конфессияаралық диалогты дамыту мәселесі талқыланды

Латвияда конфессияаралық диалогты дамыту мәселесі талқыланды
Сурет: gov.kz
Елші Дәурен Кәріповтің болу еліндегі ең ірі конфессияның өкілі - Рига және Латвия Архиепископы (Латвия Евангелиялық-лютеран шіркеуі) Риналдс Грантспен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Д.Кәріпов сұхбаттасын Қазақстан-Латвия қатынастарының жәй-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның бейбітшілік пен конфессияаралық келісім саласындағы саясаты туралы хабардар етті. Қазақ дипломаты Қазақстан түрлі діндер мен конфессиялардың үйлесімді қатар өмір сүруіне негізделген бірегей моделінің арқасында жаһандық деңгейде де олардың арасындағы диалогты нығайтуға белсенді түрде ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Бұл үдерісте Қазақстанның бастамасымен құрылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі және оның аясында қабылданған шешімдер мен құжаттар, соның ішінде "Астана бейбітшілік декларациясының" маңызды рөл атқаратынын да жеткізді.

Р.Грантс жан-жақты ақпарат пен Қазақстанның конфессияаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Cъезін бейбітшілік, төзімділік және діндер арасындағы өзара құрмет құндылықтарын ілгерілететін маңызды халықаралық алаң ретінде жоғары бағалайтынын айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны