02.12.2025, 22:40 5736
Мексикалық бизнес-қоғамдастыққа Қазақстанның инвестициялық және іскерлік мүмкіндіктері таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мексикадағы Қазақстан Республикасының Елшілігі "Қазақстан: жаңа кезеңдегі мүмкіндіктер мен өсу мекені" атты Қазақстан-Мексика бизнес-форумын ұйымдастырып, оның аясында мексикалық іскер топтарға Қазақстандағы негізгі инвестициялық мүмкіндіктер мен бизнесті жүргізу шарттары ұсынылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Форумға Мексиканың жетекші компанияларының өкілдері, сауда-өнеркәсіп палаталары, Мексика Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ Мехико қаласы мен Мехико штатының әкімдіктері және БАҚ-тың өкілдері қатысты.
Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков өз сөзінде еліміздің Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы және тұрақты өсім орталығы ретіндегі орны нығайып келе жатқанын, өңірдегі шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы Қазақстанға тиесілі екенін атап өтті. Елші Қазақстан мен Мексика арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін айтып, мексикалық кәсіпкерлерді қазақстандық әріптестермен тікелей байланыс орнатуға шақырды.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Мехико қаласы мен Мехико штаты бойынша Қазақстанның Құрметті консулы, Мексиканың "CANACINTRA" атты Ұлттық қайта өңдеу өнеркәсібі және трансформация палатасының Вице-президенті Карлос Баррера мексикалық бизнес өкілдерінің Қазақстан нарығын игеруге және бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстанның IT-экожүйесінің дамуына қатысты презентация іс-шараның маңызды бөлігінің бірі болды. Оның ішінде Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық хаб Astana Hub қызметі, сондай-ақ аталған инкубатордан Еуропа, Азия және Америка нарықтарына шыққан стартаптардың жетістіктері таныстырылды.
Қазақстандық IT-шешімдерді ілгерілету мақсатында форумға Biometric Vision (биометриялық идентификация) және Cybernet-AI (жасанды интеллект негізіндегі дауыстық роботтар) компаниялары қатысып, өз өнімдерін таныстырды. Олар Telmex, Pagacel, Schiller Americas-Mexico, Lendswap, Loaney, Vivus, AMARANTE, Alvos, Alamex, Bamboo Group және басқа да Мексиканың жетекші компания өкілдерімен пікір алмасты.
Форум соңында тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективаларын талқылап, инновациялар, жасанды интеллект, цифрлық трансформация, телекоммуникациялар және қаржы салаларында ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.06.2026, 16:15 751
Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Roca Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Компаниялар тобы санитарлық-техникалық өнімдерді өндірумен айналысады. Компания ванна, санитарлық керамика, душ науалары, крандар, аксессуарлар және жиһазды қоса алғанда, жуынатын бөлме өнімдерінің толық спектрін шығарады.
Жоба сантехникалық бұйымдар мен жуынатын бөлме аксессуарларын шығаратын және құрастыратын елдегі алғашқы зауыт болмақ.
Қызылорда қаласындағы зауыттың іргетасы жақында қаланды. Жоспарланған инвестиция көлемі 44,1 млрд теңгені құрайды, өндірістік қуаты 500 000 бірлікке жетеді. Шамамен 300 тұрақты жұмыс орны құрылады.
Кездесу барысында тараптар жобаның ағымдағы жағдайы мен одан әрі жүзеге асыру жоспарларын талқылады.
Ғабидулла Оспанқұлов салық жеңілдіктерін қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанның инвестициялық ахуалының артықшылықтары туралы айтты.
Келіссөздерден кейін қатысушылар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға деген міндеттемелерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 11:10 10556
Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиевтің Конго Республикасына сапары барысында үкімет мүшелерімен және іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда Конго сыртқы саяси ведомствоның басшысы Констан-Серж Бундамен, Телекоммуникация және цифрлық экономика министрі Нгема Нземен, Қаржы және бюджет министрі Кристиан Йокамен және Ұлттық қорғаныс министрлігінің Стратегиялық мәселелер және әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Жан Эме Инюмбамен келіссөздер орын алды.
Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект, телекоммуникация, энергетика, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржылық технологиялар және банк ісі саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері Конго Республикасының ерекше қызығушылығын тудырды. Браззавиль Орталық Африканың бүкіл аймағы үшін Қазақстаннан астық пен тыңайтқыштар импорттау мүмкіндіктерін зерделеуде. Сондай-ақ конголездік жастарды Қазақстанның білім беру мекемелеріне оқуға жіберу туралы тілек білдірілді.
Браззавиль Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдайды. Сыртқы істер министрі К.-С.Бунда су қауіпсіздігі тақырыбы барлық елдер үшін, әсіресе Африка үшін өте маңызды мәселе екенін атап өтті.
Қазақстан Елшісінің Конго Республикасына сапары конголездік бизнестің жетекші өкілдерінің бірі, көпсалалы компанияның Бас директоры Серж Муйимен өткен кездесумен аяқталды. Туризм және сауда салаларындағы, атап айтқанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберіндегі бизнес-ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Барлық сұхбаттасушылар екі елдің стратегиялық маңызды географиялық жағдайы бар екенін және аймақтық хабтар болып табылатынын, оларды Орта дәліз және Пуэнт-Нуар теңіз порты арқылы байланыстыру сауда-экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алатынын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 10:50 11741
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстанға мамырдың соңы - маусымның басында жүзеге асырылған ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзидің, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньциннің, ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның, сондай-ақ ҚХР-дың Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лидің сапарларының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, сұхбаттасушылар 2026 жылы жоспарланған алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін жеке талқылады.
Кездесудің соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрілігі мен Қытай Елшілігі арасында тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 19:49 39181
Қазақстан Иллинойс штатымен іскерлік байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Иллинойс штатына жұмыс сапары аясында ҚР-дың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың іскер топтарының өкілдерін біріктірген Central Asia Business Expo Chicago 2026 (CABXPO) халықаралық бизнес-форумына қатысты. Аталған форум сауда, инвестициялар, инновациялар және халықаралық кәсіпкерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында логистика, қаржылық және заңгерлік қызметтер, цифрлық технологиялар, консалтинг және басқа да салаларда АҚШ-та табысты қызмет атқарып жүрген қазақстандық кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Отандық кәсіпкерлер Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып, іскерлік байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал етуде.
Форум аясында ҚР-дың Бас консулы Р.Тлеулин Иллинойс штатының мемлекеттік және іскерлік құрылымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың қатарында Иллинойс штатының Қаржы бақылаушысы С.Мендоза, Иллинойс штатының Сауда және инвестициялар жөніндегі кеңсесінің директоры М.Маркопулос, World Business Chicago ұйымының бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы вице-президенті Д.Андухар-Редман және америкалық іскер топтардың өзге де өкілдері болды.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, америкалық компанияларды Қазақстандағы жобаларды іске асыруға тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан мен Иллинойс штаты арасындағы өңіраралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Өткізілген кездесулер жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік беріп, сауда, инвестициялар, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, логистика, цифрлық технологиялар және инновациялар салаларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілікті растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 19:27 39386
Италияда Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Римде "Қазақстандағы конституциялық реформалар" атты тақырыпта еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге арналған семинар өтті. Италияның Азияны зерттеу институты ұйымдастырған іс-шараға Италия Парламентінің депутаттары, Сыртқы істер министрлігі басшылығының өкілдері, сарапшылар, журналистер, дипломаттар мен студенттер қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев сөз сөйлеп, қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі қырлары мен елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Елші осы жылғы 1 шілдеден бастап жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Халық Конституциясы ресми түрде күшіне енетінін атап өтті. Осылайша, еліміз өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне қадам басады.
Жаңа Конституция Қазақстанның саяси өмірінде түбегейлі өзгерістерді көздейді, елді жасанды интеллект дәуірінің талаптарына бейімдейді. Конституциялық реформаның маңызды ерекшелігі - бір палаталы Парламентке көшу. Заң шығарушы биліктің құрылымын кең ауқымды трансформациялау бюрократиялық кедергілерді жоюға және шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге бағытталған", - деп атап өтті Е.Сембаев.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ елдің қазіргі даму кезеңі нақты реформалардан экономика мен мемлекеттік басқарудың жүйелі жаңғыруына өтуімен сипатталатынын айтты. Осы саясаттың ортасында - болжамды іскерлік ортаны қалыптастыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, шикізаттық емес секторларды дамыту және халықаралық экономикалық серіктестікті тереңдету жатыр. Осы тұрғыда Италия Қазақстан үшін маңызды серіктес.
Итальяндық бизнес өнеркәсіпте, инженерияда, логистикада, өңдеу технологияларында және өндірістік шешімдерді дамытуда мықты орындарға ие. Біз мұнайгазхимия, көлік дәліздері, ауыл шаруашылығы, индустриялық ынтымақтастық, тұрақты жеткізу тізбектері, сирек жер металдары және энергетикалық ауысумен байланысты заманауи шешімдер сияқты бағыттарда Қазақстан-Италия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеует көріп отырмыз", - деді Е.Сембаев.
Қазақстандағы реформаларға қатысты өз ойларымен Италия Сенатының депутаты Антонио Тревизи, Орталық Азиямен байланыс жөніндегі Еуропалық парламент делегациясының төрайымы Джузи Принчи, Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігіндегі "Италия - Орталық Азия" министрлік кездесуінің үйлестірушісі Федерико Фаилла, Италияның Азияны зерттеу институтының президенті Марио Моргони, "CFive - Astana" талдау орталығының президенті Сапарғали Шалғымбаев және басқалар бөлісті. Спикерлердің пікірінше, Қазақстандағы реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырды. Бүгінгі таңда Қазақстанның шетелдік серіктестердің алдындағы басты құндылығы - бұл болжамдылық, тұрақты даму және институционалдық тұрақтылық. Тәуелсіз институттардың болуы және түсінікті ережелер елді шетелдік инвесторлар мен халықаралық серіктестер үшін тартымды етеді.
Сенатор А.Тревизи атап өткендей, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ең маңызды қыры - өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жаңғырту. Осы тұрғыда "Made in Italy" технологиялары Қазақстанда жоғары бағаланады. Заманауи жабдықтар мен инновациялар Қазақстан өнеркәсібін нығайтуға және тиімді логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ете алады.
Өз кезегінде, Орталық Азиямен байланыс жөніндегі Еуропалық парламент делегациясының төрайымы Дж.Принчи ЕО-ның Қазақстанмен сауда, инвестициялар, маңызды табиғи ресурстар, энергетикалық қауіпсіздік, "жасыл" экономика сияқты салалардағы табысты серіктестік тұрғысында елде жүргізіліп жатқан реформаларды мұқият бақылап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және елдің саяси және экономикалық жүйелерін жаңғырту мақсатында кешенді институционалдық және конституциялық өзгерістер жолына түсті.
Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі жанындағы "Италия - Орталық Азия" министрлік кездесуінің үйлестірушісі Ф.Фаилла Қазақстандағы конституциялық реформалар елдің қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделуінің көрсеткіші және оның белсенді өсуінің айғағы екендігін атап өтті.
Италияның Азияны зерттеу институтының президенті М.Моргонидің пікірінше, Қазақстанның ауқымды және өршіл реформаларды жүргізу тәжірибесі қызығушылық тудырады және құрметке лайық, себебі олар өз даму моделін өз бетінше іздеп, біртіндеп заманауи демократиялық институттарды дамытып жатқан күрделі көпұлтты елде жүзеге асырылып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 18:40 41976
Варшава университетінде Түрік халықтары мәдениеті орталығы ашылды
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Варшава университетінде Түркі халықтарының мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жаңа академиялық алаң түркі әлемінің тарихын, тілдері мен мәдениетін зерделеуге жәрдемдесуге бағытталған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Орталық Варшава университетінің Азия және Африка мәдениеттері факультетінің бастамасымен, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының және Польшада аккредиттелген түркітілдес мемлекеттер елшіліктерінің қолдауымен құрылды.
Іс-шарада Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Раимқұлова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа құрылымның түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтті.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Елшілігінің өкілі Орталықтың құрылуы академиялық зерттеулерді дамытуға, мәдениетаралық диалогты кеңейтуге және Польша мен түркі мемлекеттері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Достық пен мәдени ынтымақтастықтың белгісі ретінде Елшілік Орталыққа қазақ халқының қонақжайлылық, береке мен ұлттық дәстүрлерге құрметінің нышаны саналатын дәстүрлі қазақ кәдесыйы - торсықты сыйға тартты.
Салтанатты рәсімге Варшава университетінің оқытушылары мен зерттеушілері, студенттер, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 18:27 42256
Қазақстан мен Түрікменстан консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ашғабатта Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Сыртқы істер министрліктері арасында кезекті консулдық консультациялар өтті. Аталған іс-шараға екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ведомстволарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал түрікмен тарапын Түрікменстан СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Довлетмурат Муратов басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы консулдық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, дәстүрлі достық қатынастарға, өзара сенімге, стратегиялық серіктестікке және халықаралық құқық қағидаттарына негізделген байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Консультациялар аясында дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын бірқатар консулдық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, көші-қон, халықаралық конвенциялар шеңберіндегі құқықтық өзара іс-қимыл, азаматтардың құқықтарын қорғау, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және екіжақты ынтымақтастықтың өзге де өзекті аспектілері қарастырылды.
Осы тұрғыда тараптар мемлекеттік қызметтерді заманауи технологиялар арқылы жетілдіру, азаматтарға көрсетілетін консулдық көмектің тиімділігін арттыру және екі елдің мемлекеттік құрылымдарының өзара іс-қимылын жеделдету мәселелері бойынша пікір алмасты.
Консультациялар қорытындысы бойынша делегация басшылары Хаттамаға қол қойып, келіссөздердің сындарлы әрі мазмұнды өткенін атап өтті. Сонымен қатар консулдық қатынастардың барлық бағыты бойынша ақпаратты тұрақты түрде алмасуды жалғастыруға уағдаласты.
Сондай-ақ тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады және келесі консулдық консультациялар раундын Астанада өткізу ниетін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 18:13 42791
ЖИ саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңдарында талқыланды
Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 23 мыңнан аса компания тіркелді
Достарға айту
XXIX Петербург Халықаралық экономикалық форумының алаңдарында "Өнеркәсіптік трансформация және жасанды интеллект: Ресей мен Қазақстандағы бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында бизнес-диалог өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырды.
Пікірталасқа мемлекеттік органдардың, іскерлік және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері, екі елдің кәсіпкерлері қатысты.
Кездесуді аша отырып, оның модераторы, "Russian Business Guide" журналының бас редакторы Мария Суворовская Ресей мен Қазақстан нарығында жұмыс істейтін компаниялар үшін цифрлық құралдар мен шешімдерді, сондай-ақ жасанды интеллектті енгізу бірден бірнеше маңызды бағыттар: өнеркәсіпті жаңғырту, инновацияларды дамыту, позицияларды, соның ішінде, халықаралық нарықтарда нығайту үшін жағдай жасайтынын атап өтті.
Осы тұрғыда Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің Ресей бөлімінің төрағасы Наталья Крючкова екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айрықша ерекшелігіне назар аударды. Оның байқауы бойынша, Қазақстанмен өзара іс-қимыл локализация мен қатысу үрдісінің арқасында одан әрі тереңдей түсуде. Ол соңғы мәліметтер бойынша республикада росс капиталдың қатысуымен 23 мыңнан астам компания тіркелгенін айтып өтті - бұл қарым-қатынастың ұзақ мерзімді сипатта дамып жатқандығының жарқын мысалы.
Өз тарапынан ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев еліміздегі цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, цифрлық қызметтердің даму деңгейі бойынша республика Online Services Index рейтингінде 10-шы және ТМД бойынша 1-ші орында. Бұл Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымы өзінің тиімділігін дәлелдегенін, халықаралық деңгейде танылғанын растайды және оны дамыту тәжірибесі пайдалы болуы мүмкін, - деп түйіндеді ол.
KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың бағалауы бойынша Ресеймен арадағы ынтымақтастық әлеуеті әлі де толық көлемде пайдаланылмай отыр. Ол ресейлік инвесторларды белсенді бірлескен жұмысқа шақырып, ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялардың ішінен салықтан босату мен үшінші елдердің нарығына шығарылатын экспорттық тауарлардың логистикасын субсидиялау шараларын атап көрсетті.
Тақырыпты "ЕвроХим" компаниясының бас директоры Игорь Ахмеров жалғастырды. Ол Қазақстанда жұмыс істеу жалпы алғанда жеңіл әрі жайлы екенін мойындап, бұл - қызметті жүзеге асыру үшін жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуда икемділік танытып отырған қуатты мемлекет, - деп атап өтті.
Өз кезегінде, "Сбербанк" ЖАҚ аға вице-президенті, Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Владимир Ситнов банк саласында жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Росхим" АҚ маркетинг жөніндегі директоры Елена Дмитриева Қазақстан мен Ресейдің шикізат материалдарының ауқымды қоры бар екенін еске салды. "Біздің міндетіміз - елдеріміздің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және қосылған құнды арттыратын жаңа өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығару үшін жасанды интеллектіні қолдана отырып, берік негіз жасау, - деді ол.
Кездесуді қорытындылай келе, оның қатысушылары қазіргі заман талабы озық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізудің жаңа тәсілдерін қажет ететінін атап өтті. Олардың пікірінше, технологиялық трансформация жағдайында екі елдің мүддесі үшін бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында табысты өзара іс-қимыл ерекше рөл атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.06.2026, 10:50ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды 05.06.2026, 11:10 9746Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады05.06.2026, 16:15 366Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда
29.05.2026, 20:02 116126Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті29.05.2026, 20:26 115311Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды29.05.2026, 14:51 115041Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды29.05.2026, 21:20 115006Қазақстан мен Еуропалық Одақ әріптестікті тереңдетудің жаңа стратегиялық мақсаттарын айқындады29.05.2026, 19:59 114551Қазақстан мен Ресей биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық консультациялар өткізді
13.05.2026, 07:10 289276Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 276976Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250221Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243411Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242781Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

