04.02.2026, 20:24 2936
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шарифтің келіссөздері екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Президент Исламабадқа келіп, Пәкістанның бай тарихымен, мәдени мұрасымен және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен танысуды зор мәртебе санайтынын атап өтті.
Қазақстан Президенті ретінде Пәкістанға бірінші рет мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Бұл сапар тарихи мәнге ие және уақыт тезінен өткен серіктестігіміздің маңызды кезеңі саналады. Мен бұған сенімдімін. Халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы аталған сапар дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 34 жыл толуымен тұспа-тұс келгеніне тоқталып, мұның символдық мәніне назар аударды.
Президенттің айтуынша, Пәкістан - Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларация өзара ықпалдастыққа жол ашатын маңызды тарихи межені айқындайтынын айтты.
Мемлекет басшысының пікірінше, Астана мен Исламабад екіжақты байланыстар мен ынтымақтастыққа тың серпін беретін мүмкіндікке ие.
Президент Пәкістанға үлкен делегациямен және сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ басқа да басым салалардағы ықпалдастықты арттыруға бағытталған нақты ұсыныстармен келгенін атап өтті.
Кездесуде көлік бағыттарын өзара ұштастыруға ерекше мән берілді. Бұл - Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі. Еліміз Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын тоғыз жолдың торабында орналасқан.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдерімен үйлесімді қарым-қатынас жасау арқылы көлік-логистика саласындағы нақты жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ бүгінгі уағдаластықтардың жүзеге асырылуын пысықтау және екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың алдағы қадамдарын айқындау үшін мәртебелі мейманды биыл қарсы алуға дайын екенін жеткізді.
Кездесуде атап өтілгендей, Қазақстан мен Пәкістанның көпжақты алаңдарда, соның ішінде БҰҰ, ШЫҰ және басқа да ұйымдар аясында тығыз ықпалдастықты жалғастыруы маңызды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.02.2026, 23:37 1061
Қазақстан мен Тәжікстан денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозодамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан медицинасы күндерін Тәжікстанда өткізу, екі елдің медициналық мекемелері арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту, сондай-ақ медициналық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар денсаулық сақтау, заманауи медициналық технологияларды енгізу, кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған Қазақстан мен Тәжікстанның тиісті ведомстволары арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарына қол қойылғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді дайындау және оған қол қою мәселесі талқыланды. Аталған құжатқа қол қою серіктестікті одан әрі тереңдету және бірлескен жобаларды іске асыру үшін берік нормативтік-құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.
Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілік білдіріп, екі мемлекеттің денсаулық сақтау жүйелерін дамыту мүддесінде белсенді әрі сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 22:34 2191
Мадридте қазақ-испан байланыстарын тереңдету перспективалары айқындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның сыртқы және жаһандық істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес Белиомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қазақ-испан қатынастарының кезең-кезеңімен дамып келе жатқан сипатын атап өтті. Жоғары және биік деңгейдегі байланыстарды жандандыру қажеттігіне назар аударылып, оның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын айқындайтыны аталып өтті.
Келіссөздер аясында қазақ диломаты Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы ақпарат беріп, олардың құқықтық мемлекетті нығайтуға, институционалдық тұрақтылықты арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
Өз кезегінде Испанияның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары еліміздегі саяси жаңғыру үдерістеріне оң баға беріп, Мадридтің Қазақстанмен көпқырлы өзара іс-қимылдарын одан әрі арттыруға мүдделі екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 21:28 2676
Саарбрюккен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Германия Федеративтік Республикасының Саар федералдық жеріндегі Саарбрюккен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Саардың Сауда-өнеркәсіп палатасының (IHK Saarland) ғимаратында ұйымдастырылып, Қазақстан мен Германия арасындағы өңірлік деңгейдегі қарым-қатынастарды дамыту жолындағы маңызды қадамның бірі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Саарбрюккен қаласындағы Құрметті консулы болып Саар жерінің Сауда-өнеркәсіп палатасының Бас директоры Франк Томе тағайындалды. Оның халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы мол тәжірибесі Қазақстан мен Саар федералдық жері арасындағы сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.
Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Нұрлан Онжанов Құрметті консулдықты ашу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Ол өңірлік өзара іс-қимыл мен іскерлік байланыстардың маңыздылығына тоқталып, Құрметті консулдықтың экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық және өңірлік ынтымақтастықты дамытудағы тиімді тетік болатынына сенім білдірді.
Саар федералдық жерінің Премьер-министрі Анке Релингер Қазақстанды Германияның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, өнеркәсіп, энергетика, инновациялар, цифрландыру және кәсіптік білім беру салаларындағы кең ауқымды өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне назар аударды. Ол Құрметті консулдықтың қызметін қолдайтынын білдіріп, оның іскерлік және қоғамдық орта арасындағы тікелей байланыстарды дамытудағы маңызды алаң ретіндегі рөлін ерекше атап өтті.
Саар жерінің Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Ханно Дорнсайфер өз сөзінде Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге өңір кәсіпкерлерінің жоғары қызығушылық танытып отырғанына назар аударды.
Салтанатты рәсімнің негізгі сәті Қазақстанның Саарбрюккен қаласындағы Құрметті консулы Франк Томеге консулдық патенттің табысталуы болды. Ол өз сөзінде көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Саар өңірі арасындағы экономикалық, мәдени, гуманитарлық және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға белсенді түрде атсалысатынын жеткізді.
Қазақстанның Саарбрюккен қаласындағы Құрметті консулдығының ашылуы Астана мен Берлин арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның Саар федералдық жерімен әріптестігін кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 20:32 1556
Қазақстан мен Король Салман атындағы академия ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Король Салман атындағы жаһандық араб тілі академиясының бас хатшысы Абдалла әл-Уашмимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар білім беру және араб тілін үйрену саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Елші Академияның қазақстандық студенттер мен оқытушыларға арналған тілдік тағылымдамаларды ұйымдастырудағы қолдауын жоғары бағалап, Бас хатшыға ризашылығын білдірді.
Кездесуде 2024 жылғы қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Академия арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаны аталып өтіп, осы құжат аясында 2025 жылғы мамыр айында Қазақстанда араб тілі оқытушыларына арналған арнайы тренинг өткізілгені айтылды. Сондай-ақ 2025 жылғы қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Араб тілі айы" ұйымдастырылып, оның аясында ғылыми семинарлар, шеберлік дәрістері және мәдени-танымдық іс-шаралар өткендігі айтылды.
Тараптар алдағы кезеңде қазақстандық студенттер мен оқытушыларға арналған тағылымдамаларды жалғастыру, араб тілін оқытуға арналған оқу құралдары мен сөздіктерді бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтары арасында араб тілін меңгеру және оқыту бағытында бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелеріне назар аударды.
Кездесу аясында Елші Академияда тағылымдамадан өтіп жатқан қазақстандық студенттерімен кездесіп, олардың араб тілін үйренудегі жетістіктерімен танысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 19:21 3631
Ташкентте Ауғанстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Исматулла Иргашевтің кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Ауғанстанмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Б. Атамқұлов Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға жәрдемдесу, сондай-ақ ауған халқына гуманитарлық көмекті жалғастыру бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Дипломатиялық миссия басшысы гуманитарлық қолдауды сақтаудың маңыздылығын және Ауғанстанды өңірдің сауда-экономикалық байланыстарына кезең-кезеңімен тарту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар ауған мәселесі бойынша Арнайы өкілдердің байланыс тобы жұмысының тиімділігі ерекше аталып өтті. Аталған топтың келесі отырысы биыл 16 ақпанда Астана қаласында өтеді.
Өз кезегінде И.Иргашев Өзбекстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және экономикалық қолдау шаралары туралы ақпарат беріп, көлік-логистика және басқа да салалардағы ірі жобаларды іске асыру перспективаларына қатысты бағаларымен бөлісті.
Сұхбат барысында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері де қарастырылып, Ауғанстан бағыты бойынша қазақ-өзбек ынтымақтастығын одан әрі дамытуға өзара дайындық білдірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 18:18 4776
Словенияның фармацевтика көшбасшылары Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаевтың Словениядағы әлемге әйгілі фармацевтикалық компаниялардың басшылығымен-KRKA басшысы Йоже Коларичпен, сондай-ақ басқарма төрағасы Грегор Макуцпен және Lek-Sandoz басқарма мүшелерімен кездесулерінде екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективалары және олардың Қазақстан нарығында озық препараттарының болуын кеңейту қаралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші бизнесті, инвестицияларды және сыртқы экономикалық қызметті қолдаудың өзара жандануы мен институционалдық тетіктері тұрғысынан Қазақстан мен Словения арасындағы жалпы тауар айналымы қазіргі уақытта шамамен 170 млн еуроны құрайтынын, бұл ретте осы көлемнің елеулі үлесі KRKA және Lek-Sandoz компанияларының қызметі есебінен қалыптасатынын атап өтті, бұл олардың екіжақты экономикалық дамудағы жүйе құраушы рөлін көрсетеді. Тіркеу және реттеу рәсімдерін үйлестіру тетіктерін пайдалана отырып, көрші елдердің нарықтарына фармацевтикалық компаниялардың қатысуын ұлғайту мүмкіндіктерін қоса алғанда, Қазақстанның Орталық Азия мен Кавказ үшін өңірлік хаб ретіндегі рөлі аталып өтті.
KRKA басшылығы Қазақстан Елшісіне Еуропадағы ең заманауи және озық фармацевтикалық зауыттардың бірі таныстырды. Әлемнің 70 еліндегі компанияның жаһандық құрылымы, жаңа зерттеулер мен жобаларға салынатын инвестициялардың ауқымы туралы, сондай-ақ медициналық қоғамдастықпен маркетингтік және кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуді қоса алғанда, Қазақстандағы операциялық және коммерциялық қызметті дамыту туралы өзекті ақпарат ұсынылды.
Lek-Sandoz-пен келіссөздер барысында реттеуші орта және Қазақстан нарығына қол жеткізу, компанияның мемлекеттік және корпоративтік сатып алуларға қатысуы, сондай-ақ өндірісті оқшаулау, Астана Халықаралық қаржы орталығының арнайы экономикалық аймақтары мен құралдарын пайдалану перспективаларын қоса алғанда, инвестициялық ынтымақтастықты, болжамдылықты және және қорғауды нығайту мүмкіндіктеріне басты назар аударылды.
Елші компания басшылығын 12 наурызда Люблянадағы "AI&Digital Bridge" бизнес-форумына және 13 наурызда өтетін Бірлескен үкіметаралық комиссияның отырысына белсенді қатысуға шақырды. Іс-шара аясында инновациялық даму, цифрлық шешімдерді енгізу және өнеркәсіп пен фармацевтика секторында жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ компаниялар 2026 жылғы 4-5 наурызда Түркістандағы қазақстандық фармацевтикалық форумның жұмысына қатысуға ниеттерін білдірді.
Аталған компаниялар стратегиялық экономикалық әріптестікті тереңдетуге, инвестициялық қатысуды кеңейтуге және ұзақ мерзімді тұрақтылыққа, технологиялық дамуға және өзара экономикалық пайдаға бағдарланған ынтымақтастықтың практикалық жол картасын қалыптастыруға өзара мүдделілігін растады.
KRKA компаниясының жүйесінде 13 мың қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстанда 103 адам, жаңа дәрі-дәрмектерді зерттеуге және әзірлеуге бағытталған инвестиция көлемі 185 млн еуроны құрайды, 2026 жылға 300 млрд. астам таблетка шығару жоспарлануда, компания айналымының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,05 млрд еуроны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7% - ға ұлғайған.
Lek-Sandoz компаниясының жүйесінде 23 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстанда 1 адам, жаңа дәрі-дәрмектерді зерттеуге және әзірлеуге инвестициялар көлемі 100 млн еурон болса, компания айналымының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 530 млн еуроны құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 17:15 4176
Қазақстан мен Сербия құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов Сербия Әділет министрі Ненад Вуичпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен құқықтық жүйені дамытудың өзекті бағыттары талқыланды.
Келіссөздер аясында тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер, оның ішінде халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.
М.Атамқұлов сұхбаттасын Қазақстанда қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа туралы хабардар етті.
Н.Вуич Сербияда ағымдағы және жоспарланған реформалар жөнінде баяндап, Сербия Әділет министрлігінің Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға әзірлігін ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растап, тәжірбиелік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 16:33 26176
Әл-Фарабидің рухани мұрасы Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымында ұсынылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) және Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен ИСЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Көркем академиясының академигі Жанұзақ Мүсәпірдің "Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі" атты сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көрмеге марокколық СІМ, Мәдениет министрлігі, мэрия, зиялы және ғылыми қауым, БАҚ өкілдері, студенттер мен дипломатиялық корпус мүшелері қатысты. Ж. Мүсәпір ісшара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5-ші Ұлттық Құрылтайда Әл-Фарабидің рухани және мәдени мұрасын халықаралық аренада таныту және кеңінен насихаттау бастамасы аясында өткізіліп жатқанына назар аударды. "Туындыларым арқылы ұлы ойшылдың шынайы ізгілік идеяларын, оның адамзаттық мәдениеттегі орнын және Қазақстанның ұлттық мәдени кодын көрсетуді мақсат еттім" - деп атап өтті Ж.Мүсәпір.
ИСЕСКО Бас директорының орынбасары Абделла Бенарафа "Бұл көрме ИСЕСКО мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа бағытын ұсынады және Ұйымның өзінің даналығымен, кең білімімен және әдебиет пен музыкаға деген шынайы қызығушылығымен танымал тұлға ретінде Әл-Фарабидің адамзат ойының қалыптасуындағы орасан зор рөлін мойындауын көрсетеді" - деді. Ұйым Мәдениет департаментінің директоры, Тунистің экс-Мәдениет министрі Мұхаммед Зинлабидин "Бүгінгі көрмеде ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы, ғылыми жолы және ислам өркениетіне қосқан үлесі көркемдік көзқарас арқылы көрсетілді" - деп атады.
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы. "Әл-Фарабидің мұрасы бүкіл адамзатқа тиесілі және ол тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл ислам әлемінің мақтанышы" - деп атап өтті.
Ж. Мүсәпір Әл-Фарабидің өмір жолын бейнелейтін картиналар ислам әлемінің ұлы ойшылына мәңгілік құрмет ретінде ИСЕСКО-ға сыйға тартты және ИСЕСКО басшылығына Қазақстан Көркем академиясының "Ұлы Таранды елі" медалі мен Құрмет грамотасын табыстады.
Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі" атты сурет көрмесі ү.ж. 5-7 ақпан аралығында Марокконың Сале қаласындағы жергілікті сурет галереясында жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.02.2026, 12:07Қазақстан мен Гуандун провинциясы аймақаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайтуда 04.02.2026, 13:24 26196Қазақстан мен Льеж: өнеркәсіп, логистика және инновациялар өңірлік диалогтың өзегінде04.02.2026, 16:33 26166Әл-Фарабидің рухани мұрасы Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымында ұсынылды04.02.2026, 15:44 26086Словенияда классикалық музыка кеші салтанатты түрде өтті04.02.2026, 14:28 26046Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі АҚШ Конгресінің негізгі мүшелерімен кездесті
29.01.2026, 21:55 149321Алматы әуежайының инвестициялық жоспарларын іске асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де қаралды30.01.2026, 22:28 139286Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді30.01.2026, 22:19 138136Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті30.01.2026, 21:16 137961Афина энергетикалық саммитінде Қазақстанның энергетикалық басымдықтары мен реформалары таныстырылды30.01.2026, 20:12 137786Қазанда қазақ ұлттық-мәдени автономиясының дамуы мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды
21.01.2026, 10:52 216756Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216676Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2153112025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді14.01.2026, 18:06 215181Kundelik төңірегіндегі дау: Алматы мектептері жаңа платформада жұмысын жалғастырып жатыр14.01.2026, 12:28 214341Kundelik vs. BilimClass: Алматы мектептерінде электронды күнделік қалай ауысты

