03.02.2026, 19:04 1196
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.
Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.02.2026, 16:33 1586
Әл-Фарабидің рухани мұрасы Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымында ұсынылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) және Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен ИСЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Көркем академиясының академигі Жанұзақ Мүсәпірдің "Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі" атты сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көрмеге марокколық СІМ, Мәдениет министрлігі, мэрия, зиялы және ғылыми қауым, БАҚ өкілдері, студенттер мен дипломатиялық корпус мүшелері қатысты. Ж. Мүсәпір ісшара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5-ші Ұлттық Құрылтайда Әл-Фарабидің рухани және мәдени мұрасын халықаралық аренада таныту және кеңінен насихаттау бастамасы аясында өткізіліп жатқанына назар аударды. "Туындыларым арқылы ұлы ойшылдың шынайы ізгілік идеяларын, оның адамзаттық мәдениеттегі орнын және Қазақстанның ұлттық мәдени кодын көрсетуді мақсат еттім" - деп атап өтті Ж.Мүсәпір.
ИСЕСКО Бас директорының орынбасары Абделла Бенарафа "Бұл көрме ИСЕСКО мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа бағытын ұсынады және Ұйымның өзінің даналығымен, кең білімімен және әдебиет пен музыкаға деген шынайы қызығушылығымен танымал тұлға ретінде Әл-Фарабидің адамзат ойының қалыптасуындағы орасан зор рөлін мойындауын көрсетеді" - деді. Ұйым Мәдениет департаментінің директоры, Тунистің экс-Мәдениет министрі Мұхаммед Зинлабидин "Бүгінгі көрмеде ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы, ғылыми жолы және ислам өркениетіне қосқан үлесі көркемдік көзқарас арқылы көрсетілді" - деп атады.
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы. "Әл-Фарабидің мұрасы бүкіл адамзатқа тиесілі және ол тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл ислам әлемінің мақтанышы" - деп атап өтті.
Ж. Мүсәпір Әл-Фарабидің өмір жолын бейнелейтін картиналар ислам әлемінің ұлы ойшылына мәңгілік құрмет ретінде ИСЕСКО-ға сыйға тартты және ИСЕСКО басшылығына Қазақстан Көркем академиясының "Ұлы Таранды елі" медалі мен Құрмет грамотасын табыстады.
Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі" атты сурет көрмесі ү.ж. 5-7 ақпан аралығында Марокконың Сале қаласындағы жергілікті сурет галереясында жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 15:44 746
Словенияда классикалық музыка кеші салтанатты түрде өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Любляна қаласындағы Юлия Бететто атындағы тарихи залда (Julij Betetto Hall) айтулы мәдени іс-шара - Любляна университетінің Музыка академиясы мен Қазақстанның Словениядағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған "Бетховен рухында" атты концерт өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кештің басты оқиғасы - әлемге әйгілі виолончельші, профессор Эльдар Сапараев, Берлин филармониясы мен Цюрих камералық оркестрінің танымал шеберлері - Таня Сонц, Матик Кудер, Майя Роме, Зоран Маркович, Миха Митев және Андрей Жусттың орындауларында Людвиг ван Бетховеннің ең жарқын туындыларының бірі - ми-бемоль мажордағы №20 Септет шығармасы қалың қауымға паш етілді.
Елдің танымал әйгілі мәдениет ошағында Люблянаның дипломатиялық корпусы, іскерлік топ, академиялық қауымдастық өкілдері, өнер қайраткерлері, Қазақстанның Словениядағы достары, сондай-ақ студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары бас қосты. Концерт қызу аншлаг рухында өтіп, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленуі арқылы Қазақстанның бай музыкалық әлеуеті барша жиналғандарға ұмытылмас әсер қалдырды. Словенияның ұлттық радиосы арқылы жүргізілген тікелей трансляцияның арқасында әлемдік классика туындыларын бүкіл ел тұрғындары тыңдап тамашалады.
Көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, зор қошеметке бөленген шығармашылық кеш қазақстандық классикалық музыка мектебінің Еуропадағы жоғары беделін айғақтап, шынайы рухани сабақтастыққа айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 14:28 916
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі АҚШ Конгресінің негізгі мүшелерімен кездесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Америка Құрама Штаттарына жасаған сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Өкілдер палатасының Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Брайан Мастпен және сенатор Стив Дэйнспен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар қазақ-американ ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты күн тәртібінің негізгі басымдықтарына сәйкес сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, саяси диалогты дамытуға және парламентаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударды.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы екі ел арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, бірлескен бастамаларды ілгерілетудің тиімді тетігі ретінде заң шығарушы органдар арасындағы байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Конгрессмен Б.Мастпен өткен кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың оң динамикасын жоғары бағалап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бастамаларды одан әрі қолдау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Атап айтқанда, аса маңызды минералдар бойынша жобалар қамтылды. Бұған қоса, биыл наурызда АҚШ конгрессмендері делегациясының Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше көңіл бөлінді.
Сенатор С.Дэйнс өз кезегінде Қазақстанның салмақты әрі сындарлы сыртқы саяси бағытын атап өтіп, екіжақты іскерлік байланыстарды кеңейту үшін АҚШ Конгресінде қолайлы заңнамалық жағдайлар қалыптастырудың маңыздылығын, соның ішінде тұрақты қалыпты сауда қатынастары режимін енгізу арқылы қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өтті. Ол Джексон-Вэник түзетуін алып тастауға бағытталған қажетті заңнамалық шешімдерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Кездесулер қорытындысы бойынша Министр америкалық заң шығарушыларды Қазақстанға келіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын практикалық тұрғыда талқылауға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 13:24 1176
Қазақстан мен Льеж: өнеркәсіп, логистика және инновациялар өңірлік диалогтың өзегінде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Льеж провинциясына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Льеж провинциясының губернаторы Эрве Жамармен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Льеж провинциясы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, логистикалық, ғылыми-білім беру және инновациялық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
Елші Қазақстанда Льеж провинциясын дамыған өнеркәсіптік базасы, заманауи логистикалық инфрақұрылымы және қуатты ғылыми-зерттеу экожүйесі бар маңызды еуропалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Осы тұрғыда экономикалардың өзара толықтыруына және өңірлер арасындағы практикалық өзара іс-қимылға негізделген ұзақ мерзімді, жобалық әріптестіктерді дамытуға Қазақстанның мүдделілігі баса көрсетілді.
Келіссөздер барысында логистика мен көлік мәселелеріне, соның ішінде мультимодальды тасымалдарды, әуе жүк қатынасын дамыту және еуразиялық көлік бағыттарын еуропалық логистикалық хабтармен ықпалдастыру әлеуетіне ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіптік жаңғырту, металлургия, инженерлік шешімдер, сондай-ақ энергетикалық өтпелі кезең мен "жасыл" технологияларды енгізу салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалылығы аталып өтті.
Білім беру, ғылым және инновациялар талқылаудың жеке бағытына айналды. Тараптар Қазақстан мен Льеж провинциясының университеттері мен ғылыми орталықтары арасында, соның ішінде инженерия, қолданбалы ғылымдар, агротехнологиялар және аэроғарыштық зерттеулер салаларында ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық білдірді.
Кездесу барысында Р.Василенко сұхбаттасушыны Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы туралы хабардар етті. Соңғы Ұлттық құрылтай отырысының қорытындыларына ерекше тоқталып, онда мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың, демократиялық институттарды нығайтудың және елдің тұрақты дамуының негізгі басымдықтары айқындалғаны атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанда талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасы жөнінде пікір алмасу өтіп, оның құқық үстемдігін одан әрі нығайтуға, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталғаны айтылды.
Губернатор Э. Жамар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалап, өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейту әлеуетін атап өтті және Льеж провинциясы мен Қазақстанның іскерлік, академиялық және институционалдық ортасы арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірлік деңгейде практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілікті растады және нақты бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру мақсатында диалогты жалғастыруға уағдаласты.
Льеж провинциясы - бельгиялық Валлония өңірінің дамыған индустриялық-логистикалық орталығы. Провинцияның жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 35 млрд. еуроны құрап, Бельгияның ұлттық ЖІӨ-нің 7,5%-ын құрады. Экономиканың негізгі салалары - металлургия, машина жасау, көлік және логистика. Экспорттың негізгі баптары - химия өнімдері, фармацевтика, металдар мен металл өнімдері, машиналар мен жабдықтар, автокомпоненттер; импорт - шикізат, энергия тасымалдаушылар, өнеркәсіптік жартылай фабрикаттар мен жабдықтар.
Негізгі сауда серіктестері - Германия, Франция және Нидерланды, сондай-ақ ЕО-ның басқа елдері мен АҚШ. Географиялық орналасуының қолайлылығы мен дамыған инфрақұрылымының арқасында Льеж халықаралық жеткізу тізбектері мен еуропалық өнеркәсіптік кооперацияда маңызды рөл атқарады. Провинциядағы ірі компаниялар қатарына John Cockerill (энергетика және инжиниринг), FN Herstal (атыс қаруы), Safran Aero Boosters және Techspace Aero (аэроғарыш өнеркәсібі) жатады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 12:07 1706
Қазақстан мен Гуандун провинциясы аймақаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулы Уалихан Сәрсембеков Гуандун өлкесінің Сыртқы істер жөніндегі кеңсесінің басшысы Ма Вэньфэнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының ресми ашылуы аясында өтті. Тараптар Қазақстан мен Гуандун өлк. арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешектерін талқылады. Атап айтқанда, жасанды интеллект, цифрландыру, инвестициялар тарту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ ғылыми-технологиялық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумына Гуандун өлкесінің белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтіліп, бұл Қазақстан өңірлері мен Гуандун арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға, сондай-ақ ҚР өңірлері мен Гуандун өлкесі арасында бауырластық қатынастар орнатуға ықпал ететіні айтылды.
Өз кезегінде, қазақ дипломаты елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар туралы хабардар етіп, олардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталғанын жеткізді.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық мүдделеріне сай келетін практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 11:59 1991
Қазақстан мен Эфиопия бизнес-серіктестіктің жаңа форматтарын қарастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Қазақстанның Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев Эфиопиядағы ең ірі кофе өндірушілер бірлестігі "Oromia Coffee Farmer’s Cooperative Union" ұйымының бас менеджері Деджене Дади Дикамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Достық әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда байланыстарын нығайту перспективаларын талқылады.
Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың әлі де толық пайдаланылмай отырған зор әлеуетін атап өтті.
Кездесуде қазақстандық нарыққа жоғары сапалы эфиопиялық кофені жеткізу мәселелеріне, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасында тікелей байланыс орнату мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Елші Қазақстанның сауда нарықтары мен бағыттарын әртараптандыруға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік серіктестікті қолдауға мүдделі екенін жеткізді.
Кездесу барысында тараптар екі елдің қазіргі даму кезеңіне қатысты пікір алмасып, мемлекет басшылары жүзеге асырып жатқан ішкі саяси және экономикалық реформалардың жоғары қарқынын атап өтті.
Атап айтқанда, Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайда айтқан негізгі бастамалары туралы ақпарат берді. Мұнда Қазақстанның заң шығарушы билік тармағын трансформациялауды, Вице-президент лауазымын тағайындауды және ұлттық-азаматтық бірегейлікті нығайтуды қамтитын жаңа саяси модельге көшуіне баса назар аударылды.
Өз кезегінде Д.Дади әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтық қоғамды мемлекеттік басқару ісіне тартудағы Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық танытты.
Кездесу соңында тараптар эфиопиялық іскер топтар өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру үшін диалогын жалғастыруға уағдаласты. Бұл сапар қазақстандық әріптестермен ынтымақтастық орнатуға, логистикалық мүмкіндіктер мен еліміздің инвестициялық климатын зерделеуге жол ашпақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 09:08 2311
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады
Достарға айту
Парижде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі Континенттік Еуропа департаментінің директоры Брис Рокфейдің қатысуымен қазақ-француз саяси консультацияларының 11-ші раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті бағыттарын талқылады.
А.Исетов Қазақстан мен Франция арасындағы саяси диалогтың тұрақты әрі сенімді сипатқа ие екенін және оның мемлекеттер басшылары деңгейіндегі жүйелі байланыстар арқылы қолдау табуда екенін атап өтті.
Экономикалық бағыттағы мәселелерді талқылау барысында А.Исетов Францияның Қазақстанның жетекші еуропалық сауда-инвестициялық серіктестерінің бірі ретіндегі рөлін атап өтті. Францияның Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестиция көлемі шамамен 21 млрд АҚШ долларын құрайды. Француз компаниялары энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, орнықты даму және денсаулық сақтау сынды Қазақстан үшін басым салалардың дамуына елеулі үлес қосуда.
Гуманитарлық салада білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік расталды.
Тараптар көпжақты күн тәртібіндегі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне қатысты ұстанымдардың сәйкестігін, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділікті атап өтті.
Экологиялық және климаттық күн тәртібі аясында қазақ тарапы 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Қазақстанда өтетін БҰҰ-ның Өңірлік экологиялық саммитіне қатысты француздық серіктестердің белсенді ұстаным білідіретіндіктеріне үміт білдірді. Француз делегациясының қатысуы 2024 жылғы желтоқсанда Эр-Рияд қаласында Қазақстан мен Франция президенттерінің төрағалығымен өткен One Water Summit бастамасының логикалық жалғасы болмақ.
Өз кезегінде Б.Рокфей Францияның Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін тағы да растай отырып, мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асырудың маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар А.Исетов Парижге сапары аясында Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі Саяси және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бас директоры Фредерик Мондолонимен кездесті. Оның барысында екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 08:52 2571
Қызылорда облысында өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы талқыланды
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қызылорда облысының Өңірлік инвестициялық штабының (ӨИШ) отырысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны облыс әкімдігі ұйымдастырып, оған ҚР Президенті Әкімшілігінің, Бас прокуратураның және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.
Бүгін Қазақстан экономикалық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Капитал үшін жаһандық бәсекелестік күшейген қазіргі жағдайда біз инвестициялар тартуда пассивті күтуден проактивті модельге көшеміз", - деп атап өтті Ә.Қуантыров өз сөзінде.
Ол мемлекет басшысы өңірлерге елдің экономикалық өсуі мен әртараптандыруының негізгі қозғаушы күші ретінде айрықша рөл жүктейтінін атап өтіп, ӨИШ-тердің Қазақстанның жаңа инвестициялық саясатын іске асырудағы маңызды тетік болып саналатынын айтты.
Қызылорда облысының алғашқы өңірлердің қатарынан таңдалуы да кездейсоқ емес - соңғы жылдары өңір ірі жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, серпінді дамуды көрсетіп келеді. Бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Соңғы үш жылда өңірге шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 27 маңызды инвестициялық жоба іске асырылып, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 775 млрд теңгені құрады, бұл жылдық жоспардың 22,7 пайызға артығымен орындалуын қамтамасыз етті.
Сапар аясында Ә.Қуантыров отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады.
Атап айтқанда, түркиялық "Aksa Energy" компаниясы салып жатқан қуаттылығы 240 МВт және жылу энергиясын өндіру көлемі 277 Гкал болатын бу-газ жылу электр станциясының құрылысы. Жобаның жалпы құны 215 млрд теңгені құрайды. Нысан жобалық қуатқа шыққаннан кейін Қызылорда облысының электр энергиясына деген қажеттілігі толықтай қамтамасыз етіліп, өңір импорттаушыдан экспорттаушыға айналады. Сонымен қатар министрдің орынбасары "Қызылорда-Нан" ЖШС-нің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын өндірістік кешенінде, сондай-ақ түркиялық "Orhun Medical" компаниясының медициналық орталығында болды.
Сапар барысында Ә.Қуантыров Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. Кездесу барысында инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шаралардың қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде орталық және өңірлік мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалып, Қызылорда облысында жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігі расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.02.2026, 08:52Қызылорда облысында өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы талқыланды 04.02.2026, 09:08 856Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады04.02.2026, 12:31 831Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды04.02.2026, 11:59 626Қазақстан мен Эфиопия бизнес-серіктестіктің жаңа форматтарын қарастыруда04.02.2026, 12:07 436Қазақстан мен Гуандун провинциясы аймақаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайтуда
29.01.2026, 21:55 145051Алматы әуежайының инвестициялық жоспарларын іске асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де қаралды30.01.2026, 22:28 138671Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді30.01.2026, 22:19 137531Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті30.01.2026, 21:16 137361Афина энергетикалық саммитінде Қазақстанның энергетикалық басымдықтары мен реформалары таныстырылды30.01.2026, 20:12 137221Қазанда қазақ ұлттық-мәдени автономиясының дамуы мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды
21.01.2026, 10:52 216736Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216651Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2152812025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді14.01.2026, 12:28 213446Kundelik vs. BilimClass: Алматы мектептерінде электронды күнделік қалай ауысты20.01.2026, 22:18 213151Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті

