30.01.2026, 22:28 3576

Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді

Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді
Сурет: Akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы - Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі - Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.

Комиссия мүшелері жаңа преамбуланың, бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болатынын атап өтті. Осыған байланысты Комиссия мүшелері аталған жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастыру және оны халықтың назарына ұсыну үшін жариялау қажет екенін жеткізді. Өз кезегінде Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.

Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған.

Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.

Кездесу соңында Президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны