02.03.2026, 15:24 4266

Мысырда Қазақстандағы Конституциялық реформалар талқыланды

Мысырда Қазақстандағы Конституциялық реформалар талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінде жергілікті зиялы қауым, Әл-Азһар университетінің ғалымдары, сарапшылар, бизнес және БАҚ өкілдеріне арналған ауызашар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталған шара барысында Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс мысырлық қауымға Қазақстанда мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған ауқымды конституциялық реформалардың жүргізіліп жатқандығы туралы ақпарат берді.

А.Жеңіс Қазақстанда құрылымдық тұрғыдан да, мазмұны жағынан да түбегейлі ерекшеленетін жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдумның өтетіні туралы айтты.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар жаңа Конституцияның ендігі кезекте бір палаталы Парламентке көшу, Вице-Президент институтын енгізу, сондай-ақ заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейту және т.б. маңызды мәселелерді қамтитыны хабардар етілді.

Өз кезегінде, мысырлық тарап өкілдері Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан саяси өзгерістерді талқылауда белсенділік таныта отырып, олардың маңыздылығына өздерінің жоғары бағаларын берді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастардың дамуын ілгерілетуге бағытталған бірлескен жұмыстарды жүргізуге мүдделіктерін жеткізді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны