28.01.2026, 18:29 2411

"Орталық Азия - Германия" форматының аға лауазымды тұлғалары одан арғы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады

"Орталық Азия - Германия" форматының аға лауазымды тұлғалары одан арғы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов "Орталық Азия - Германия" форматы аға лауазымды тұлғаларының отырысына қатысты. Іс-шараға Германия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан СІМ басшылары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Отырысқа қатысушылар сауда-экономикалық, көлік, экологиялық және гуманитарлық салалардағы өңірлік қарым-қатынастардың жай-күйін және оларды одан ары күшейту әлеуетін нақты талқыға салды.

А.Исетов өз сөзінде "Соңғы жылдары Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта орнықты даму мен елдердің өзара байланыстылығын арттыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың жаңа бастамаларға арналған басым бағыттары айқындалды", - деп атап өтті.

Отырыс соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс қарым-қатынастарын жалғастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны