07.04.2026, 19:40 1271

ҚР СІМ-де БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілімен кездесу өтті

ҚР СІМ-де БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілімен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самекпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында қазақ дипломаты БҰҰ өкіліне Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы ретіндегі белсенді қызметі үшін, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен Парламентімен БҰҰ-ның елдік командасының қызметін жариялау бағытындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қойғаны және БҰҰ қызметіне тартылған барлық ұлттық және халықаралық серіктестермен тығыз байланыс орнатқаны үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде В.Самек Қазақстандағы қызметі жылдарында БҰҰ Ақпараттық бюросы Үкімет үшін БҰҰ-мен өзара іс-қимылды дамытуда сенімді серіктеске айналғанын, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ қызметіне байланысты оң өзгерістер туралы ақпаратты белсенді таратқан қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Е.Ашықбаев ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың атынан В.Самекке Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасын табыс етті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны