02.03.2026, 16:26 4251

Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті

Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті
Сурет: gov.kz
Ресейдің мәдени астанасында ұлы қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы ұйымдастырған бұл шара Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы үзілмес мәдени-тарихи байланыстың айқын көрінісі екенін білдірді. Жамбыл Жабаевтың бейнесі қала тарихында ерекше орын алады. Ақынның "Ленинградтық өренім!" атты өлмес туындысы Ұлы Отан соғысы жылдарында блокададағы қала тұрғындары үшін зор рухани демеу болды.

Салтанатты шараға ҚР Бас консулдығының дипломаттары, Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар жөніндегі комитеті мен Орталық аудан әкімшілігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ұлы ақын рухына қазақ диаспорасының өкілдері мен РФ әскери академияларында білім алып жатқан қазақстандық курсанттар тағзым етті.

Шараға қатысушылар Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы ортақ құндылық екенін және заманауи гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңызды негізі болып табылатынын атап өтті. Ақынның есімі Санкт-Петербургтің орталығындағы көшеге берілген ақын бейнесі екі мемлекет арасындағы достық пен өзара құрметтің жарқын символы болып қала бермек.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны