01.06.2026, 16:59 40176

СІМ Қазақстанда босқындарды қабылдау орталықтарын құру туралы БАҚ мәлімдемелеріне түсініктеме берді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстан аумағында босқындарды қабылдау орталықтарын құру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Брифинг барысында журналистер Еуроодақтың Қазақстан мен Өзбекстан аумағында мигранттарды орналастыруға арналған орталықтар құру мәселесін шынымен қарастырып жатқаны жөніндегі ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

Менің білуімше, мұндай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Біз еуропалық тараппен азаматтарымыз үшін виза талаптарын жеңілдету және реадмиссия туралы келісім бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алайда бұл біздің азамат елімізден заңсыз кеткен жағдайда, оны кері қабылдауға міндеттенетінімізді білдіреді", - деп түсіндірді Ерлан Жетібаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны