04.02.2026, 15:44 2561

Словенияда классикалық музыка кеші салтанатты түрде өтті

Словенияда классикалық музыка кеші салтанатты түрде өтті
Сурет: gov.kz
Любляна қаласындағы Юлия Бететто атындағы тарихи залда (Julij Betetto Hall) айтулы мәдени іс-шара - Любляна университетінің Музыка академиясы мен Қазақстанның Словениядағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған "Бетховен рухында" атты концерт өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кештің басты оқиғасы - әлемге әйгілі виолончельші, профессор Эльдар Сапараев, Берлин филармониясы мен Цюрих камералық оркестрінің танымал шеберлері - Таня Сонц, Матик Кудер, Майя Роме, Зоран Маркович, Миха Митев және Андрей Жусттың орындауларында Людвиг ван Бетховеннің ең жарқын туындыларының бірі - ми-бемоль мажордағы №20 Септет шығармасы қалың қауымға паш етілді.

Елдің танымал әйгілі мәдениет ошағында Люблянаның дипломатиялық корпусы, іскерлік топ, академиялық қауымдастық өкілдері, өнер қайраткерлері, Қазақстанның Словениядағы достары, сондай-ақ студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары бас қосты. Концерт қызу аншлаг рухында өтіп, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленуі арқылы Қазақстанның бай музыкалық әлеуеті барша жиналғандарға ұмытылмас әсер қалдырды. Словенияның ұлттық радиосы арқылы жүргізілген тікелей трансляцияның арқасында әлемдік классика туындыларын бүкіл ел тұрғындары тыңдап тамашалады.

Көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, зор қошеметке бөленген шығармашылық кеш қазақстандық классикалық музыка мектебінің Еуропадағы жоғары беделін айғақтап, шынайы рухани сабақтастыққа айналды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны