23.02.2026, 17:04 3586

Солтүстік Македония Қазақстандағы реформаларды оң бағалайды

Солтүстік Македония Қазақстандағы реформаларды оң бағалайды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылап, 2025 жылы екі елдің президенттері мен СІМ басшыларының кездесулерінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру қажеттігін атап өтті.

Шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі мен перспективалары жан-жақты талқыланды. Іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы сауда палатасы мен Солтүстік Македония Экономикалық палатасының бизнес-қауымдастықтарды жақындастырудағы басты рөлі аталып өтті.

Кездесу барысында Елші Сыртқы істер министрін 15 наурызыда жоспарланған Қазақстанның жаңа конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум туралы хабарлады және реформаның негізгі мақсаттарымен таныстырып, оның Қазақ қоғамы үшін маңыздылығына тоқталды.

С.Бұршақов Ата Заңның жаңа жобасы билік өкілеттіктерін неғұрлым теңгерімді бөле отырып, саяси жүйені жаңғыртуға, сондай-ақ демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғанына назар аударды.

Т.Муцунски біздің елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалай отырып, бұл өзгерістердің құқық үстемдігі қағидаттарына бағдарланған әділ мемлекет құру үшін берік құқықтық негіз болады деп сенім білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны