04.03.2026, 21:11 6841

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Таяу Шығыс өңіріндегі жағдай бойынша пікір алмасылды.

Сонымен қатар, тараптар қазақ-иран ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бейілдігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны