29.01.2026, 19:49 3656

Тунис Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдайтынын білдірді

Тунис Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдайтынын білдірді
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Тунистегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Әнуарбек Ахметов Сыртқы істер, көші-қон және шетелдегі тунистіктер мәселелері министрі Мұхамед Әли Нафтиге сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан туралы жылы естеліктеріне тоқтала отыра, Тунис Сыртқы істер министрі Елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі жан-жақты нығая түсетініне сенім білдірді.

Ә.Ахметов Министрге ізгі тілегі үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси диалогты жандандыруға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.

Екі елдің көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдарына қатысты М.Нафти "Тунис тарапы БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында бауырлас Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсетуді жалғастырады", - деп мәлімдеді.

Екі елдің бизнес-қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар сындарлы диалогты жалғастыруға және екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны