30.01.2026, 12:09 2476

Вашингтонда АҚШ-пен ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Вашингтонда АҚШ-пен ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
АҚШ астанасында "Қазатомөнеркәсіп" Акционерлік қоғамының қолдауымен коммерциялық ядролық энергетика саласындағы саясат пен технологиялар жөніндегі АҚШ-тың жетекші салалық ұйымы Nuclear Energy Institute алаңында "Nuclear Fuel Supply Forum" іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ-ның коммерция жөніндегі бас директоры Владислав Байғожин қатысты.

Форум жаһандық ядролық отын циклының өзекті мәселелері мен даму мүмкіншіліктерін, сондай-ақ аталған стратегиялық шикізат жеткізілімдерінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету тақырыптарын талқылауға арналды.

Өз сөзінде Елші биыл орнағанына 35 жыл толып отырған Қазақстан-АҚШ қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті. Қазақстанның әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретіндегі рөлін, оның үлесіне әлемдік бастапқы өндіру көлемінің шамамен 40 пайызы тиесілі екенін, сондай-ақ АҚШ нарығына негізгі жеткізушілердің бірі ретіндегі маңызына ерекше наар аударылды.

Сонымен қатар форум аясында Владислав Байғожин компанияның әлемдік уран нарығындағы қазіргі жағдайына шолу жасап, оның ұзақ мерзімді даму жоспарлары және басым бағыттарымен таныстырды.

Форум жұмысына АҚШ пен өзге де елдерден 100-ден астам қатысушы, оның ішінде ядролық отын циклының негізгі сегменттерінің өкілдері, АҚШ мемлекеттік органдарының қызметкерлері және салалық сарапшылар қатысты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны