23.02.2026, 21:17 5716

Венада парламентаралық ынтымақтастық пен конституциялық жаңғыру мәселелері талқыланды

Венада парламентаралық ынтымақтастық пен конституциялық жаңғыру мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламент Ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) қысқы сессиясы аясында ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Ангелос Сиригоспен кездесті. Тараптар ЕҚЫҰ ПА аясында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елші ағымдағы жылдың 15 наурыз айында белгіленген Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша алдағы ұлттық референдум туралы хабардар етті. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін таныстырды және ұсынылған конституциялық реформа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәйекті саяси өзгерістерінің логикалық жалғасы болып табылатынын атап өтті. Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Негізгі Заңына енгізілген тұжырымдамалық түзетулер мемлекеттің адами бағдарлануын арттыруға, Қазақстан халқының қазіргі құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге және республиканың саяси институттарының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде, А.Сиригос Қазақстан-Грекия парламенттік достық тобының тең төрағасы екенін атап өтіп, Қазақстанның конституциялық реформаларына қызығушылығын білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны