20.03.2025, 12:09 37721
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады
Достарға айту
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.
ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.04.2025, 09:23 5026
Қазақстанда жыл соңына дейін жүзден астам мектепті пайдалануға беру жоспарлануда
Достарға айту
Қазақстанда заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 45%-ы ауылдық жерлерде салынады. Айта кетейік, 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашқан болатын.
Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасайды. Ол мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 15:09 7481
Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 5 жаңа мектеп ашылады
Достарға айту
Алматының Алатау ауданында әлеуметтік инфрақұрылым белсенді түрде дамып келеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Аудандағы оқушы орындарының тапшылығы - 6,1 мың орын. Бұл мәселені шешу мақсатында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен "Саялы-2" шағын ауданында 550 орындық жаңа мектеп салынды. Сондай-ақ, "Зерделі" шағын ауданында тағы бір 550 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алатау ауданында жалпы сыйымдылығы 12,7 мың оқушыны қамтитын 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылында Теректі, Самғау, Қарасу және Ақбұлақ шағын аудандарында бес мектеп ашу жоспарланған.
Ал "Алғабас" және "Ғажайып" шағын аудандарындағы екі мектептің құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталмақ.
Айта кетейік, Алматыда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 34,8 мың жаңа оқушы орны ашылады деп жоспарланған.
Сонымен қатар, қолданыстағы мектептердің сыйымдылығын арттыру мақсатында №195, 174, 35, 112, 99 және 73 мектептерге қосымша ғимараттар салынып жатыр. Бұл 1 755 қосымша оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 11 білім беру мекемесінде қайта жаңғырту және сейсмокүшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар: №33 лицей, №161 лицей, №191, №58, №189, №50, №160 мектептер, №59 мектептің филиалы, сондай-ақ, №73, №30 және №60 гимназиялар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.04.2025, 12:23 13891
"Ұлттық кітап күні" аясында жалпыхалықтық челлендж өтіп жатыр
Достарға айту
Ұлттық кітап күні" мерекесіне орай әлеуметтік желілерде кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Челленджді алғашқылардың бірі болып ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері бастап, көпшілікті кітап оқуға үндеді. Олар сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, оқырмандарын кітаптың рухани құндылығын қайта тануға шақыруда.
Аталған челлендждің негізгі мақсаты - қалың көпшілікті кітап оқуға ынталандыру, кітаптың рухани, мәдени құндылық ретіндегі маңызын қайта жаңғырту және оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Челлендж "Менің сүйікті кітабым", "Менің өмірімді өзгерткен кітап", "Кітап - алтын қазына", "Менің өміріме әсер еткен кітап" тақырыптарын қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.04.2025, 18:29 18476
Жетісу университетінің студенттері "Байқоңыр" ғарыш айлағынан тағылымдамадан өте алады
Достарға айту
Жетісу университетінің студенттері "Байқоңыр" ғарыш айлағынан тағылымдамадан өте алады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ басқарма төрағасы, ғарышкер, Халық қаһарманы, университет түлегі Айдын Айымбетовпен кездесті.
Кездесуді Басқарма төрағасы - ректор Ермек Бөрібаев жүргізді. Жиын барысында Айдын Айымбетов студенттерге "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің қызметі туралы ақпарат берді.
Байқоңыр" - әртүрлі орбиталарға зымыран ұшыра алатын санаулы ғарыш айлақтарының бірі. Мұнда ондаған ұшыру алаңы, құрастыру-сынау корпустары, ұшуды басқару орталығы мен зертханалар орналасқан. Қазір Байқоңырда жаңа ғимараттар салып, зымыранның құлау аймақтарын жаңғыртып жатырмыз. Бұл экология мен қауіпсіздік үшін аса маңызды. Осыған орай 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бізге инженер, техник, телеметрия және қауіпсіздік мамандары, электрмеханика саласындағы қызметкерлер қажет. Сіздермен кездесудегі мақсатымның бірі - жаңа жұмыс орындарына қызметке шақыру, - деді Айдын Айымбетов.
Кездесуде "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ мен Жетісу университеті арасында кадр даярлау туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында университет студенттері "Байқоңыр" ғарыш айлағында тағылымдамадан өту, түрлі зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Ашық форматтағы кездесуде Айдын Айымбетов студенттердің сұрағына жауап беріп, алғаш ғарышқа ұшқандағы әсерін, жалпы еліміздегі ғарыш саласының болашағы туралы ойымен бөлісті. Ректор маңызды кездесу үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ІТ, эколог, физик мамандарын ғарыш саласына бағыттайтынын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:25 53251
Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады
Достарға айту
Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ғылымды дамыту - еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды", - деп атап өтті Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте.
Ғылымды дамыту - Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді.
Ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2025-2027 жылдарға 531,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
Ғылымды дамытуға және сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының жоғары ғылыми ұйым түріндегі жаңа мәртебесі анықталды.
Инновациялық инфрақұрылымды қолдау үшін бірыңғай терезе болатын және венчурлік қаржыландыруды тартатын Ғылым қорының мәртебесі кеңейтілді.
Ғылыми қызметкерлердің мәртебесін арттыру үшін ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға ұлғайтылды, ал ғылыми атақтар үшін қосымша ақылар 50 АЕК-ке дейін өсті.
Жалпы, елде ғылыми зерттеулермен 425 ұйым айналысады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11-ге көп. Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті, оның 46%-ы жас ғалымдар.
Мемлекет ғалымдарға, оның ішінде жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Президенттің тапсырмасы бойынша олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында 2024 жылы 315 жас ғалым пәтер алды. Оның 290-ы "Отбасы банкімен" бірлесіп іске асырылатын арнайы ипотекалық бағдарлама аясында, ал 25-і өтеусіз негізде тұрғын үй алды.
2025 жылдың басынан бастап 36 жас ғалым тегін негізде пәтер алды.
Мемлекет басшысының әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында 500 ғалымның жыл сайынғы тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау үшін шетелде ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда осы тапсырманы іске асыру аясында 1475 тағылымдама берілді.
Сондай-ақ "Жас ғалым" бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2021-2024 жылдар аралығында гранттық қаржыландыруға 16 конкурс өткізілді, соның нәтижесінде 2 мыңнан астам ғылыми жоба іске асырылды.
Жыл сайын ғылымға қосқан үлесі және ғалымдарды ынталандырғаны үшін 2000 АЕК мөлшерінде 50 "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығы беріледі.
Докторларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы өсуде. Мәселен, егер 2022 және 2023 жылдары докторантураға берілетін гранттар саны тиісінше 1815 және 1919 грантты құраса, 2024 жылы 2919 грант бөлінді.
Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту маңызды бағыт болып табылады. Мұндай өзара іс-қимылдың сәтті мысалы - ғылыми-технологиялық сессиялар. Бүгінгі таңда Қазақмыс, Қазатомөнеркәсіп, ERG, Қазминералс, Қармет, ҚазақОйлАқтөбе, Қазмырыш сияқты ірі кәсіпорындармен бірлесіп ел өңірлерінде осындай 9 сессия өткізілді.
Ғылыми-технологиялық сессияның қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысына 11 техникалық тапсырма ұсынылды. Осылайша ғылыми-техникалық тапсырмалардың жалпы көлемінің 10%-ы ірі кәсіпорындармен нақты жұмыс нәтижелеріне негізделген.
Сонымен қатар 2024 жылдың басынан бастап жер қойнауын пайдаланушылардың ғылымы мен технологияларын дамытуға күрделі салымдардан 1% аударудың жаңа тетігі енгізілді.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ЖОО базасында ғылыми инфрақұрылымды күшейту және кәсіпорындармен әріптестікте заманауи зертханалармен технологиялық парктер, инжинирингтік орталықтар құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Осы ғылыми жобаларды іске асыруда 10 зертхана ашылды, 5 спин-офф цехтары, 3 стартап іске қосылды, 468 млн теңгеге жеке ұйымдармен ғылымды қажетсінетін қызметтер шығаруға 14 шарт жасалды, 788,9 млн теңге жеке қоса қаржыландыру тартылды.
Сонымен қатар еліміздің университеттерінде (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ) күрделі ғылыми міндеттерді шешуге, озық зерттеулерді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған 3 суперкомпьютер бар. Академиялық кластердің жалпы өнімділігі - 2 PFLOPS.
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелері әртүрлі салаларда қолданылуда.
Балқашта Satbayev University Металлургия және байыту институтының қазақстандық ғалымдары әзірлеген бірегей технология бойынша тазартылған селеннің алғашқы партиясы шығарылды.
Сонымен қатар биолог-профессор Дос Сарбасов бастаған Nazarbayev University қазақстандық ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты. DVC деп аталатын дәрі-дәрмектің құрамына С витаминінің жоғары дозасы және төмен концентрациядағы мышьяк кіреді. Препарат глюкозаны сіңіретін рак клеткаларына әсер етеді.
Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдардың қатерлі ісікке қарсы препараты пациенттерге оң әсермен клиникалық сынақтардың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары Қазақстанда алғаш рет травматология, нейрохирургия, жақ-бет хирургиясы, онкология және радиология үшін отандық имплантат дайындады.
Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ғалымдар металлургиядағы коррозиямен күресудің инновациялық әдісін - "Сақтау" коррозияға қарсы жабын әзірледі.
Қазақстандық ғалымдар тобы қазақ тілінде жасанды интеллектті дамытуға бағытталған KazLLM үлкен тілдік моделін әзірледі.
KazLLM қазақ тіліндегі мәтіндік ақпаратты өңдеу, аудару және талдау, сондай-ақ қазақ тілін заманауи технологияларға интеграциялау үшін тиімді шешімдер жасауға ықпал ететін болады.
Мемлекетті қолдау, жастарды белсенді тарту және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту елдің дамуы үшін жаңа көкжиектер ашады. Ғылым инновацияның қозғаушы күшіне айналып қана қоймайды, сонымен қатар тұрақты даму мен өркендеуге бағытталған ұлттық стратегияның маңызды элементіне айналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:22 53486
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады
Достарға айту
Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:
• театр фестивальдері мен қойылымдары;
• шеберлік сабақтары;
• қауіпсіздік сабақтары;
• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
• спорттық ойындар;
• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:26 74446
Қаңтар айында ЭЕБ-да білім беру саласының қызметкерлеріне жоғары сұраныс байқалды
Ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды
Достарға айту
Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі - ЭЕБ) жұмыс берушілер мен ізденушілердің белсенділігі әртүрлі болды: егер бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды.
Бұл ретте қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті - жұмыс берушілер желтоқсанға қарағанда 16 мың бос орынға (+70%) көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне сұраныс 45,7 мыңнан 18,8 мың бос орынға дейінқысқарып, екі еседен астам төмендеді.
Сонымен қатар ұсыныс тарапынан түйіндеме санының өсуін барлық біліктілік топтары көрсетеді, ал біліктілігі жоқ жұмысшылар желтоқсанға қарағанда 60,4 мың түйіндемені (+338%) көбірек орналастырды.
Желтоқсан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының оң сальдосы 11 өңірде байқалады. Жұмыскерлерге сұраныстың ең көп өсуі Шымкент қаласында (2,6 мың бос орынға немесе +86%), Ақмола (1,5 мыңға немесе +50%) және Батыс Қазақстан (1,5 мыңға немесе +46%) облыстарында тіркелді. Сұраныстың ең көп төмендеуі Түркістан (11,2 мың бос орынға немесе -63%), Ақтөбе (-2,3 мың, немесе -36%) және Жамбыл (-1,7 мың, немесе -30%) облыстарында болды.
Қаңтар айындағы еңбек нарығындағы ұсыныстардың өсуі нәтижесінде елдің барлық дерлік аймақтарында түйіндеме профициті қалыптасты. Ол Түркістан (6,5 мың бос жұмыс орны және 25 мың түйіндеме), Қызылорда (2,3 мың бос жұмыс орны және 14,3 мың түйіндеме), Жамбыл (4 мың бос жұмыс орны және 10,3 мың түйіндеме) және Маңғыстау (3,4 мың бос жұмыс орны және 12,7 мың түйіндеме) облыстарында ерекше байқалды.
Білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.
Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды, олар жалпы 529 түйіндеме орналастырды, сондай-ақ әлеуметтік педагогтар (173 түйіндеме) мен мектеп психологтары да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді.
Жұмыс берушілер орташа жалақының ең жоғары мөлшерін ізденушілер арасынан өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығы (741 мың теңгеден бастап), авиациядағы инженер (~693 мың теңге) және бас құрылысшы (~605 мың теңге) лауазымдарына ұсынды, ал жүмыс іздеушілер арасынан ең жоғары жалақыны өндіруші өнеркәсіпте бөлім бастығының орынбасары (орта есеппен 1,1 млн теңге), ұшқыш (~1,1 млн теңге), сондай-ақ материалдық-өндірістік құндылықтарды есепке алу бөлімінің басшысы (~1 млн теңге) лауазымына үміткерлер сұрады.
Осылайша, қаңтар айында ЭЕБ-да бос орындардың азаюы кезінде түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі байқалды. Бұл жыл басында жұмыс берушілер жалдау процесін әлі күшейтпегендіктен болуы мүмкін, ал көптеген жұмыс іздеушілер, керісінше, қаңтардан бастап жаңа жұмыс іздей бастайды. Көптеген мамандықтар бойынша түйіндеменің профицитіне қарамастан, кейбір лауазымдарда кадрлар тапшылығы болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2025, 17:35 79386
Оқу-ағарту министрі өңірлік әдістемелік орталықтардың басшыларымен кеңес өткізді
Достарға айту
Мемлекет басшысының білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Оқу-ағарту министрі әдістемелік орталықтардың басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ғани Бейсембаев оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелеріне назар аударды, сонымен қатар әдістемелік орталықтарды трансформациялаудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын бекітті.
Қазақстанда өңірлік деңгейлерде 20 әдістемелік орталық, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жанында 205 әдістемелік кабинет жұмыс істейді. Еліміздің әдістемелік қызметінде 3 мыңға жуық маман еңбек етеді, оның 55%-ы ауылдық жерлерде.
Сапалы білім берудің іргетасын кәсіби білікті педагогикалық құрам қалайды. Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, мықты мұғалімдер базасын қалыптастыру және олардың табысты тәжірибесін әріптестер арасында таратуға ықпал ету керек", - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.
Министр білім беру саласындағы мемлекеттік бастамалардың іске асырылуын бақылауды күшейтуді, әдістемелік орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, озық тәжірибелерді енгізуді және білім берудің барлық деңгейінде әдістемелік жұмысты нығайтуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.04.2025, 14:56Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде 24.04.2025, 15:14 821762025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды21.04.2025, 12:14 70021Әкімдердің орынбасарлары жылыту маусымындағы ақаулар үшін жазаланады21.04.2025, 12:25 69931Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 16,8%-ға төмендеді21.04.2025, 11:09 58641Алматыда "Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау қорытындысы шығарылды
10.04.2025, 15:14 115146Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі18.04.2025, 17:23 112711Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды03.04.2025, 16:52 112011Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты11.04.2025, 18:13 111851Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді18.04.2025, 17:18 106081"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі