29.09.2022, 14:58 54451

Қазнетке ауқымды кибершабуылдар жалғасуда

Қазнетке ауқымды кибершабуылдар жалғасуда
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 29 ҚЫРКҮЙЕК - "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ бүгін таңертең Казнетке жасалған ауқымды кибершабуылдар тағы тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл жағдай елдің барлық өңірлерінде интернет-қосылулардың жұмысына әсер етуде. "МТҚ" АҚ-ның техникалық мамандары қазіргі сәтте қатерлерді бейтараптандыру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Мемлекеттік техникалық қызметте.

 
Естеріңізге сала кетейік, Интернеттің қазақстандық сегментіне жасалған кибершабуылдар бірнеше күн бойы жалғасуда. Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнет инфрақұрылымына да бағытталған. Кибершабуылдар салдарынан интернетке қосылуда кідіріс орын алуда.
 
Компания ұзақ мерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғаларға байланысты деп болжайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны