22.06.2026, 13:39 326

Алматыда 790 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл қала бойынша 20 803 оқушы мектеп бітіріген және 30 380 оқушы 9-сыныпты тәмамдаған. Оқу жылының қорытындысы бойынша 790 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды, деп хабарлайды Қазинформ Алматы әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен қатар 2 083 мектеп бітіруші үздік үлгідегі аттестат алса, 9-сыныпты аяқтаған 2168 оқушыға үздік аттестат табысталды.

Биылғы түлектер әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға да белсенді қатысты. Олар «Мектепке кітап сыйла» және «Мектепке сый» акцияларын қолдап, аумақтарды көгалдандыруға, ағаш пен гүл егуге атсалысты. Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға және арнаулы медициналық мекемелерге қолдау көрсетті", - деп хабарлады әкімдіктен.

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны