13.04.2021, 20:42 95230

Алматыда күнделікті өмірдің негізгі салаларында цифрлық қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етілген

Мегаполис халықаралық тәжірибені жиі пайдаланатыны арқасында цифрландыру саласының қарқынын алып келе жатыр.
АЛМАТЫ. 13 СӘУІР - Бүгін Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте жүзеге асқан цифрлық жобалар туралы айтты. Алматыда күнделікті өмірдің негізгі салаларында цифрлық қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етілген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Баян Қоңырбаев қалада IT-кеңестің құрылғанын, соның арқасында цифрлық қызметтің түрлі форматы бойынша деректердің, ақпараттық технологиялар саласындағы проблемалар мен сұраныстардың жинақталып, шешімін табатынын айтты.
 
Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев Алматының халықаралық тәжірибені жиі пайдаланатыны арқасында цифрландыру саласының қарқын алып келе жатқанын хабарлады. Мысалы, Париж (Франция), Лондон (Англия), Мәскеу (РФ), Штрутгарт (Германия), Сингапур (Сингапур) Цифрландыру департаменттерімен тығыз байланыс орныққан.
 

АТ парктерінің Creative Valley-мен (Франция) әдіснамасын дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді. Алматыда 2020 жылы ҚБТУ базасында ірі урбанизацияланған жүйелерге арналған инновациялық шешімдер бағдарламасы бойынша Smart City зертханасы ашылды. Өткен жылдың мамыр айында жоба қорғалып, GPS арқылы мобильді пайдаланушылардың белсенділігін бақылау бойынша Habidatum агрегаторы компаниясымен өзара әрекет орнату бойынша Халықаралық қаржы орталығы арқылы грант алынды. Алматы қаласының Зияткерлік көлік жүйесін құру бойынша Дүниежүзілік банктен 2022 жылға дейін құны 300 000 доллар болатын гранттық жоба бекітілді", - деп атап өтті Баян Қоңырбаев.

 
Спикер іске қосылған жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Олардың ішінде 766 Сергек бекеттері, адамдар жаппай жиналатын орындардағы 1000 бейнебақылау камералары, ТЖ болжау жүйесі, ТЖД тепловизорлық камераларын орнату, "Қауіпсіздік" бағыты бойынша ахуал орталығы, бағдаршамдарды басқару жүйесі бар.
 
Сондай-ақ, ТКШ саласында бұл: инженерлік желілердің мониторингі жүйесі, көрсеткіштерді қашықтықтан беруге арналған есептегіш аспаптарымен қамту, пәтер иелерінің қызмет көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жүйесі және көшені жарықтандыруды басқару жүйесі.
 
Қаланы басқару саласында: қалалық бюджеттің, сатып алу мен қалалық жоспарлаудың қоғамға ашық болуы, бюджеттік бағдарламалардың орындалу мониторингі, қаланың ахуал орталығы және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру.
 
Цифрландыру Алматының білім беру саласын да қамтыды. Қалада спорт мектептерін басқару бойынша автоматтандырылған жүйе енгізілді, мемлекеттік білім беру мекемелерінде (220 мектеп) қауіпсіздіктің кешенді жүйесі пайда болды, қаланың барлық мектептері бойынша бухгалтерияны орталықтандыру жобасы дамып келеді.
 
Денсаулық сақтау саласында медициналық техника жұмысының мәртебесін қадағалау мүмкіндігі пайда болды, жақын маңды орналасқан МСАК-тің қолжетімділік картасы іске қосылды, жедел медициналық көмек автомашиналарының жұмысына мониторинг жүргізілді және медициналық және зертханалық ақпараттық жүйелер енгізілді.
 
Әлеуметтік салада – бұл Әлеуметтік қызмет көрсету үйінің қызмет түрлерін автоматтандыру жобасы және отбасының цифрлы әлеуметтік картасының қолданылуы.
 
Қоңырбаев өзінің сөзінде қалада былтыр 27 жобаның жүзеге асқанын атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны