25.04.2025, 09:23 75466

Қазақстанда жыл соңына дейін жүзден астам мектепті пайдалануға беру жоспарлануда

Қазақстанда жыл соңына дейін жүзден астам мектепті пайдалануға беру жоспарлануда
Қазақстанда заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 45%-ы ауылдық жерлерде салынады. Айта кетейік, 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашқан болатын.

Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасайды. Ол мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны