Бұл жыл біз үшін ерекше маңызға ие. "Еуразия" кинофестивалі ұзақ үзілістен кейін қайта жанданып, жаңа белеске қадам басып отыр. Сонымен қатар, біз биыл Шәкен Аймановтың мәдени мұрасын дәріптеп, қазақ киносының байлығын әлемге танытуды көздейміз. Оның фильмдері көптеген буындарға шабыт берді. "Қазақфильм" киностудиясының қайта жаңғыруы да осыны айқындай түседі", - деді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы президентінің міндетін атқарушы, фестиваль директоры Айдар Омаров.
Фестиваль тек байқаулық көрсетілімдермен шектелмейді. Байқаудан тыс бағдарламалар, шеберлік сабақтары, премьералар және киноиндустрия мамандары үшін ерекше тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігін беретін іскерлік алаңдар ұйымдастырылады. Барлық іс-шаралар Алматының заманауи кинотеатрларының бірі - Kinopark 11 IMAX Esentai-де өтеді, ал іскерлік кездесулер Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткізіледі", - деп атап өтті кинофестивальдің іскерлік алаңының жетекшісі Кәрім Қадырбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

