13.03.2024, 15:41 36521
Қосымша білім беру саласындағы үздік тәжірибелер кеңінен қолданылуы керек - Тамара Дүйсенова
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қосымша білім беру саласындағы үздік тәжірибелерге арналған республикалық семинарға қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Шараға еліміздің барлық өңірінен келген педагогтар қатысты. Семинар аясында оларға қосымша білім беру саласындағы үздік тәжірибелер ұсынылды. Еліміздегі жан-жақты даму орталықтары техникалық және цифрлық сауаттылықтан бастап, балалардың көркемдік-эстетикалық дамуына және олардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға дейінгі әртүрлі бағыттарда жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 10 жаңа қосымша білім беру орталығын ашу жоспарланған. Бүгінде елімізде 1 600-ден астам мектептен тыс ұйым бар, онда үйірмелер мен секциялардың 380-ге жуық түрі жұмыс істейді. Оларға 3 млн-нан астам жас қазақстандықтар қатысады.
Республикалық семинарға қатысушыларды қабылдаған Sana орталығында 45 секция мен үйірме жұмыс істейді. Балаларға 100-ге жуық мұғалім әртүрлі пәндерден сабақ береді. Тамара Дүйсенова орталықтың жұмысына және мұнда ұсынылған тәжірибелерге оң баға берді.
Жаңа заман тек білімді ғана емес, оны күнделікті өмірде қолдана білуді де қажет етеді. Сондықтан педагогикалық қоғамдастық білім беру сапасын арттыруға бағытталған Ұлттық баяндама жобасын дайындады. Онда баланың тұлға ретінде дамуына ерекше назар аударылады. Бұл істе мектеппен бірлесіп, балалардың жан-жақты дамуына үлес қосатын қосымша білім беру орталықтары маңызды рөл атқарады. Бұл бағытта бізде керемет тәжірибелер бар, енді басқа орталықтарға үздік тәжірибені кеңінен тарату міндеті тұр", - деді Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.05.2024, 16:07 4946
Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар
Достарға айту
Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.
Жан Даутов - Қостанай қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Әмірлан Аманжолов - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;
Мирон Юркевич - Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Марғұлан Шарел - Тараз қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;
Әмір Сахипов - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.
Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 09:45 14746
Білім министрлігі Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтетіні туралы мәлімдеме жасады
Достарға айту
2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.
Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады" - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі "Алтын белгімен" марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді. Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2024, 16:18 20031
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобалары қалай жүзеге іске асады
Достарға айту
Еліміздегі ғылыми жобаларды іріктеумен "Самғау" ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы" қоры да айналысады, ол "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына кіреді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Бұл ретте Қордың ғылыми ізденістерін қаржыландыру үшін өтінім мен қажетті құжаттардың толық пакеті қабылданады.
Әрі қарай жоба валидациядан және тіркеуден өтеді. Әрі қарай ғылыми ізденіске талдау жасалып, оны іске асыру шығындары есептелінеді.
Сондай-ақ, сарапшылар жобаның экономикалық тартымдылығына талдау жасайды, содан кейін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.04.2024, 18:37 26891
Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарлануда
Достарға айту
Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда бұл бағытта еліміздің төрт макроөңірі таңдалды. Онда экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылатын болады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
2024-2025 жылдары "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану", "Гидротехникалық мелиорация" және "Гидротехникалық құрылыс" және т. б. мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарлануда.
Оңтүстік макроөңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бас тірек ұйымы ретінде Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі таңдалды. Мұнда "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану" мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Студенттерге өндірістік практикадан өту мүмкіндігі беріледі, ал арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өндірістен мамандар тартуды жоспарлап отырмыз", - деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Айта кетейік, бүгінде еліміздің бес колледжі су саласының мамандарын даярлайды. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Мақтаарал аграрлық колледжі, Түлкібас агробизнес және туризм колледжі, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі және Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжінде гидрогеология саласының 300-ге жуық болашақ мамандары оқиды және олардың 90%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2024, 22:30 28611
Қазақстанның оқу-ағарту министрі Қырғызстанның білім және ғылым министрімен кездесті
Достарға айту
Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қырғызстанның білім және ғылым министрі Догдоркул Кендірбаевамен кездесу өткізді. Тараптар білім саласындағы екіжақты серіктестікті талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Ғани Бейсембаев инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды. Ол осы жылы 536 мың оқушы орны пайдалануға берілетінін, оның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Жайлы мектеп" жобасын атап өтті. Сонымен қатар, педагогтердің сапалы құрамын қалыптастыру, "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы аясында жаңа буын менеджерлерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Біз бауырлас халықтардың тамыры тереңге бойлаған тарихына құрметпен қараймыз және екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру бастамасын құптаймыз. Бұдан бұрын білім саласының кейбір аспектілерін әлем тұрғысында дамыту туралы әңгімелескен болатынбыз. Бұл мәселеде біздің пайымымыз ортақ мақсатқа тоғысады, ол балардың білім алуы үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру", - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Өз кезегінде Қырғызстанның білім және ғылым министрі білім саласын дамыту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады және Қазақстанның білім жобаларына қызығушылық танытты.
Қазақстандық білім жүйесінің тәжірибесін алу мақсатында екі елдің қос бағынысты ұйымдарының арасында педагогикалық кадрларды дайындау және біліктіліктерін арттыру бойынша меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі кездесу бұл ынтымақтастыққа қосымша серпін береді және біз оны тереңдету мен кеңейте түсетін шешімдер қабылдаймыз деп сенемін", - деді Догдуркул Кендірбаева.
Кездесу соңында екі ведомство басшысы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім салаларында өзара әріптестікті күшейту туралы шешім қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.04.2024, 13:50 37611
Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді
Достарға айту
Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%-ды құрайды. Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді", - деп атап өтті ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.04.2024, 19:50 39146
Су тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды
Достарға айту
Cу тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.
Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 28 мектеп босатылды. Алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО). Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүргізілуде", - деді спикер.
Министрлік оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пункттердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды: бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жіберіледі; орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің жатақханаларына орналастырылады ("Дарын", РФММ, БИЛ және НЗМ); жоғарғы сынып оқушылары (9-11 сыныптар) уақытша колледждерге орналастырылады.
Министрлік балаларға қосымша 3182 орын әзірлеп қойды", - деді ведомствоның ресми өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.04.2024, 12:47 42631
2024 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі ұйымдарда 77 мыңнан астам жаңа орын ашылады
Достарға айту
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленіп, бекітілді. Биылдың өзінде балабақшаларда 77 мыңнан астам орын ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаменті директорының айтуынша, 2024 жылдың үш айында 8849 орынға арналған 125 мектепке дейінгі ұйым ашылды.
Жаңа орындар ашу - мектепке дейінгі ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы, тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы көзделуде. Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алудың кезектілігі екі есеге төмендетілді. Бүгінгі таңда 2-6 жастағы балаларды қамту 91% құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті Манар Адамова.
Сонымен қатар балабақшаларда орындарды бөлу процесінің ашықтығы үшін кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасы құрылды. Өтінішті электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және жергілікті атқарушы органдардың платформалары арқылы беру сияқты бірнеше тәсілдермен жүзеге асыру мүмкіндіктері іске қосылды. Қазір жоба еліміздің төрт өңірінде жүргізілуде.
Жалпы елімізде 11 472 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 1 миллионға жуық бала қамтылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
06.05.2024, 11:29Қазақстанда "Жеңіс пойызы" жолға шықты 06.05.2024, 11:34 11341Сианнан Алматыға туристік жолаушылар пойызы жіберіледі06.05.2024, 11:21 10676Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарін марапаттады06.05.2024, 12:11 10081Алматы - Өскемен тас жолының бойынан ай сайын 100 тоннадан астам қоқыс жиналады06.05.2024, 12:23 9801ҰОС ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан адамдар біржолғы қаржылай көмек алады
02.05.2024, 16:37 119361Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 12:14 117336Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 16:34 115826Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 15:49 113836Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 113576"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады
24.04.2024, 18:17 156196Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 154461Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 151451Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 140256ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды24.04.2024, 18:19 130466Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады