22.02.2024, 17:35 37856

Әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері ашылады

Қазіргі уақытта Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту және трансформациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде
Әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері ашылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері еліміз үшін балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті.

Қазіргі уақытта Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту және трансформациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде Астана және Алматы қалаларында, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында 9 психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл бастама барлық ел аумағында жалғасын табатын болады.

Аталған іс-шаралар кешені өңірлерде психологиялық қолдау қызметтерін институционалды күшейтуге бағытталған. Ол өз кезегінде Қазақстанда балалардың психологиялық қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны