22.09.2022, 18:21 29361

Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жою туралы бұйрық шығарды

Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жою туралы бұйрық шығарды
АСТАНА. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының күшін жоятын бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі №522 бұйрығының күші жойылды деп танылсын", - делінген құжат мәтінінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама балабақшаларда, орта мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында қолданылды.
 
Осы жылдың ақпан айында Білім және ғылым министрлігі "Өзін-өзі тану" пәні факультативті пән санатына ауыстырылатынын хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны