25.01.2023, 13:19 51911

Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өсуде

Қалада тұмау вирусының үш түрі айналымда бар
Алматы. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда ЖРВИ жұқтырудың маусымдық өсуі байқалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова хабарлады.

Оның айтуынша, өткен аптада ЖРВИ жұқтырудың 13 804 оқиғасы тіркелген. Қалада 8 860 бала ауырып жатыр, бұл жалпы науқастанғандардың 64,2%-ын құрайды. Жалпы эпидемиологиялық маусымда Алматыда барлығы 343 417 ЖРВИ жағдайы тіркелді.

Жүргізілген зертханалық мониторинг барысында Алматыда маусымдық тұмау вирусының үш түрі, оның ішінде екі түрі А (A/H3N2, A/H1N1 pdm09) және В типі айналымда екені анықталды. Тұмау жұқтырып, онымен ауырғандар 2022 жылы қазан айының басында тіркелген. Сонымен қатар, РС вирусы, риновирус, бокавирус және маусымдық коронавирус сияқты тұмауға жатпайтын басқа да ЖРВИ вирустары айналымда бар", - дейді Әсел Тоқанқызы.


Тұмаудың барлығы 240 жағдайы тіркелді, оның ішінде В типінің 119 түрі (49,6%), А/Н3N2 түрі - 3 жағдай (1,2%), А/H1N1-09 түрі - 118 жағдай (49,2%).

Эпидемиологтың айтуынша, тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі - дер кезінде вауцинациядан өту. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырауда, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша) тек сол жылы өндірілген вакцинамен бірге алу керек.

Вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы сақталады (1 жылға дейін). Қауіпсіз және тиімді вакциналар қолжетімді және 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді", - деді эпидемиолог.


Ол өткен жылы қауіп (тәуекел) тобындағы адамдарды вакциналау үшін жергілікті бюджет есебінен 210 000 доза көлемінде ресейлік өндірістің үш валентті тұмауға қарсы "Гриппол плюс" вакцинасы сатып алынғанын еске салды.

2022 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығындағы эпидемияға дейінгі маусымда қала бойынша барлығы 224 706 адам тұмауға қарсы егілді, бұл қала тұрғындарының 10,51% құрайды. Жекеменшік медициналық орталықтарда жұмыс берушілер есебінен жекеменшік медициналық орталықтарда барлығы 10 576 адам, өз қаражаты есебінен 4 130 адам егілді. Вакцинация салдырғандар арасында тұмау жұқтыру жағдайлары тіркелмеген.

Әсел Қалықова қазіргі уақытта эпидемиологтардың дайындығы туралы айтып берді. Мысалы, Алматыда медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері мен қызмет көрсету мамандары үшін қалалық семинар өтті, медициналық ұйымдарда қоңырауларды қабылдау үшін 140 телефон, үйде күтім жасау үшін қосымша 142 автокөлік, қарқынды терапия көрсету үшін реанимация құралдарына 261 ӨЖЖ бар. Жіті респираторлық вирустық инфекциялармен/тұмаумен ауыратын науқастар үшін 431 төсек-орын орналастырылды, 444 төсек-орынды қосымша орналастыру жоспарлануда, тұмауға қарсы препараттардың қоры толтырылуда, бір реттік маскалар (1 845 203 дана) және дезинфекциялық құралдар қоры құрылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны