29.05.2023, 16:15 8951

ШҚО полицейлері есірткі ораушы-курьерді ұстады

Ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғаны анықталды
Өскеменде ЕҚІБ жедел уәкілдері облыс прокуратурасының үйлестіруімен тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілмен таратқан 26 жастағы елорда тұрғынын ұстаған, ол "тауарды" танымал мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы сатқан6, деп мәлім етті Polisia.kz.

Ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғаны анықталды. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып отырған.

Оның жалдамалы пәтерінде 500 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны