11.11.2021, 18:31 12337

ҚР 11 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 219 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 11 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 219 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАРАША - 2021 жылғы 10 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 952 886 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 219 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 127; 
 
Алматы қаласында - 131; 
 
Шымкент қаласында - 29; 
 
Ақмола облысында - 87; 
 
Ақтөбе облысында - 18; 
 
Алматы облысында - 81; 
 
Атырау облысында - 24; 
 
ШҚО-да - 83; 
 
Жамбыл облысында - 20; 
 
БҚО-да - 35; 
 
Қарағанды облысында - 119; 
 
Қостанай облысында - 111; 
 
Қызылорда облысында - 22; 
 
Маңғыстау облысында - 12; 
 
Павлодар облысында - 138; 
 
СҚО-да - 155; 
 
Түркістан облысында - 27.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 936 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 908 126 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
11 қарашаға КВИ-ден 37 594 адам (32 411 КВИ+ және 5 183 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 6 879 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 30 715 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 505 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 136 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 97 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 10 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 349 өлім жағдайы тіркелген. 9 қараша күні КВИ-ден 29 адам қайтыс болды. 
 
9 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 176 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды және 212 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 80 753, өлім – 5 080, сауыққандар – 70 490. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 11 қарашаға I компонентпен 8 478 672 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 753 142 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны