14.10.2021, 18:44 19008

ҚР 14 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 1 985 жаңа жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАЗАН - 2021 жылғы 13 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 910 832 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 985 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 270; 
 
Алматы қаласында - 350; 
 
Шымкент қаласында - 81; 
 
Ақмола облысында - 120; 
 
Ақтөбе облысында - 78; 
 
Алматы облысында - 142; 
 
Атырау облысында - 51; 
 
ШҚО-да - 135; 
 
Жамбыл облысында - 35; 
 
БҚО-да - 66; 
 
Қарағанды облысында - 163; 
 
Қостанай облысында - 97; 
 
Қызылорда облысында - 42; 
 
Маңғыстау облысында - 7; 
 
Павлодар облысында - 154; 
 
СҚО-да - 149; 
 
Түркістан облысында - 45.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 895 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 852 744 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
14 қазанға КВИ-ден 53 289 адам (46 444 КВИ+ және 6 845 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 9 150 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 44 139 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 669 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 194 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 130 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 13 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 644 өлім жағдайы тіркелген. 12 қазан күні КВИ-ден 31 адам қайтыс болды. 
 
12 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 99 жағдайы тіркелді, 8 адам қайтыс болды және 191 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 77 533, өлім – 4 939, сауыққандар – 65 749. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 13 қазанға I компонентпен 7 947 201 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 022 361 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны