13.07.2021, 23:14 7425

15 шілдеден кейін вакцинация мәртебесі тексерілмейді - Денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеден бастап вакцинация мәртебесіне тексеру жүргізілмейтініне сендірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Президенттің тапсырмасына және ВАК хаттамалық тапсырмасына байланысты мемлекеттік органдар 19 шілдеге дейін міндетті вакцинациялау мерзімін ұзарту туралы мәселені қарайтын болады. 19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласы үшін мерзімді ұзартудың жаңа алгоритмі белгілі болады", - деді Байтанаев.

 
Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеде ВАК міндетті вакцинациялау мерзімін ұзарту мәселесін қарау туралы шешім қабылдады.
 
Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,5 миллионға жуық адам вакцина алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны