Система Orphus

ҚР 15 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19-дың 1 967 жаңа жағдайы тіркелді

15.10.2021, 15:59 22600
ҚР 15 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19-дың 1 967 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚАЗАН - 2021 жылғы 14 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 912 799 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 967 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 248; 
 
Алматы қаласында - 333; 
 
Шымкент қаласында - 71; 
 
Ақмола облысында - 123; 
 
Ақтөбе облысында - 99; 
 
Алматы облысында - 189; 
 
Атырау облысында - 46; 
 
ШҚО-да - 116; 
 
Жамбыл облысында - 30; 
 
БҚО-да - 57; 
 
Қарағанды облысында - 155; 
 
Қостанай облысында - 96; 
 
Қызылорда облысында - 29; 
 
Маңғыстау облысында - 7; 
 
Павлодар облысында - 168; 
 
СҚО-да - 157; 
 
Түркістан облысында - 43.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 232 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 854 976 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
15 қазанға КВИ-ден 52 928 адам (46 151 КВИ+ және 6 777 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 9 114 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 43 814 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 642 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 185 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 125 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 14 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 672 өлім жағдайы тіркелген. 13 қазан күні КВИ-ден 28 адам қайтыс болды. 
 
13 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 129 жағдайы тіркелді, 7 адам қайтыс болды және 190 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 77 662, өлім – 4 946, сауыққандар – 65 939. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 14 қазанға I компонентпен 7 976 127 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 059 597 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны