15.02.2022, 15:40 15791

ҚР 15 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19-дың 1 173 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 15 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19-дың 1 173 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 АҚПАН - 2022 жылғы 14 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 292 393 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 173 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 64, 
 
Алматыда - 480, 
 
Шымкентте - 13, 
 
Ақмола облысында - 75, 
 
Ақтөбе облысында - 7, 
 
Алматы облысында - 91, 
 
Атырау облысында - 4, 
 
ШҚО-да - 33, 
 
Жамбыл облысында - 19, 
 
БҚО-да - 25, 
 
Қарағанды облысында - 75, 
 
Қостанай облысында - 45, 
 
Қызылорда облысында - 1, 
 
Маңғыстау облысында - 4, 
 
Павлодар облысында - 141, 
 
СҚО-да - 95, 
 
Түркістан облысында - 1.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 904 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 230 842 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
15 ақпанға КВИ-ден 49 207 адам (48 064 КВИ+ және 1 143 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 6 820 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 42 387 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 335 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 138 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 96 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 14 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 487 өлім жағдайы тіркелген. 13 ақпанда КВИ-ден 13 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылғы 14 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 28 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 579, өлім - 5 309, сауыққандар - 81 127. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 14 ақпанда I компонентпен 9 307 509 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 884 789 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны