16.06.2021, 20:48 5409

Қазақстанда 16 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - 2021 жылғы 15 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 404 064 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 068 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 294; 
 
Алматы қаласында - 112; 
 
Шымкент қаласында - 50; 
 
Ақмола облысында - 32; 
 
Ақтөбе облысында - 22; 
 
Алматы облысында - 31; 
 
Атырау облысында - 52; 
 
ШҚО-да - 76; 
 
Жамбыл облысында - 14; 
 
БҚО-да - 89; 
 
Қарағанды облысында - 160; 
 
Қостанай облысында - 32; 
 
Қызылорда облысында - 7; 
 
Маңғыстау облысында - 21; 
 
Павлодар облысында - 43; 
 
СҚО-да - 14; 
 
Түркістан облысында - 19.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 267 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 379 974 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
16 маусымға КВИ-ден 21 025 адам (19 895 КВИ+ және 1 130 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 6 451 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 14 574 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 441 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 103 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 63 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 15 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 195 өлім жағдайы тіркелген. 14 маусымда КВИ-ден 15 адам қайтыс болды. 
 
14 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 60 жағдайы тіркелді және 25 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап тіркелді: ауру – 56 276, өлім – 962, сауыққандар – 51 730. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 16 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. 
 
"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Акмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары және СҚО. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 16 маусымға I компонентпен 2 587 884 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 480 309 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны