16.11.2021, 18:09 10876

ҚР 16 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 931 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 16 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 931 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 16 ҚАРАША - 2021 жылғы 15 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 958 468 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 931 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 110, 
 
Алматы қаласында – 114, 
 
Шымкент қаласында – 18, 
 
Ақмола облысында – 67, 
 
Ақтөбе облысында – 14, 
 
Алматы облысында – 72, 
 
Атырау облысында – 19, 
 
ШҚО–да – 42, 
 
Жамбыл облысында – 9, 
 
БҚО–да – 7, 
 
Қарағанды облысында – 105, 
 
Қостанай облысында – 7, 
 
Қызылорда облысында – 7, 
 
Маңғыстау облысында – 3, 
 
Павлодар облысында - 120, 
 
СҚО-да - 129, 
 
Түркістан облысында - 16.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 503 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 916 872 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
16 қарашаға КВИ-ден 34 068 адам (29 146 КВИ+ және 4 922 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 6 778 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 27 290 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 505 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 128 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 88 пациент бар. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 16 қарашаға I компонентпен 8 558 198 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 840 876 адам вакцинацияланды. 
 
12-17 жастағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау: 2021 жылғы 15 қарашадағы ақпарат бойынша "Комирнати" (Pfizer) препаратымен 1 560 адам бірінші компонентпен егілді.
 
"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны