16.12.2021, 14:32 339826

ҚР 16 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Қостанай облысы "жасыл" аймаққа көшті

ҚР 16 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Қостанай облысы "жасыл" аймаққа көшті
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 16 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 15 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 981 435 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 575 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 75; 
 
Алматыда - 39; 
 
Шымкентте - 4; 
 
Ақмола облысында - 61; 
 
Ақтөбе облысында - 4; 
 
Алматы облысында - 19; 
 
Атырау облысында - 11; 
 
ШҚО-да - 23; 
 
Жамбыл облысында - 3; 
 
БҚО-да - 10; 
 
Қарағанды облысында - 105; 
 
Қостанай облысында - 57; 
 
Қызылорда облысында - 7; 
 
Маңғыстау облысында - 5; 
 
Павлодар облысында - 67; 
 
СҚО-да - 80; 
 
Түркістан облысында - 5.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 791 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 951 109 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
16 желтоқсанға КВИ-ден 20 096 адам (17 430 КВИ+ және 2 666 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 3 536 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 16 560 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 294 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 89 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 67 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 896 өлім тіркелді. 14 желтоқсанда КВИ-ден 9 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылдың 14 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 52 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 106 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 557, өлім – 5 192, сауыққандар – 75 699. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 15 желтоқсанда I компонентпен 8 884 288 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 339 523 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 159 514, жүкті әйелдер - 12 048, бала емізетін әйелдер - 29 322. II дозамен: жасөспірімдер - 22 668, жүкті әйелдер - 2 191, бала емізетін әйелдер - 5 156. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны