17.01.2022, 16:13 19096

ҚР 17 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: ҚР-да COVID-19 ауруының саны өсуде

ҚР 17 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: ҚР-да COVID-19 ауруының саны өсуде
НҰР-СҰЛТАН. 17 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 16 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 061 432 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 11 524 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 4 639, 
 
Алматыда - 1 578, 
 
Шымкентте - 343, 
 
Ақмола облысында - 400, 
 
Ақтөбе облысында - 285, 
 
Алматы облысында - 410, 
 
Атырау облысында - 596, 
 
ШҚО-да - 213, 
 
Жамбыл облысында - 257, 
 
БҚО-да - 220, 
 
Қарағанды облысында - 1 356, 
 
Қостанай облысында - 214, 
 
Қызылорда облысында - 270, 
 
Маңғыстау облысында - 172, 
 
Павлодар облысында - 345, 
 
СҚО-да - 101, 
 
Түркістан облысында - 125.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 712 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 972 495 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
17 қаңтарға КВИ-ден 77 474 адам (75 856 КВИ+ және 1 618 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 698 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 70 488 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 275 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 82 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 52 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 16 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 081 өлім жағдайы тіркелген. 15 қаңтарда КВИ-ден 4 адам қайтыс болды.
 
2022 жылдың 15 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 43 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 75 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 84 733, өлім - 5 237, сауыққандар - 77 878. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 16 қаңтарда I компонентпен 9 062 324 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 620 751 адам вакцинацияланды. 
 
2022 жылдың 16 қаңтарына Pfizer вакцинасымен егілді: бірінші компонентпен - 439 535 адам, екінші компонентпен - 226 008.
 
Бірінші дозамен: жасөспірімдер - 353 537, жүкті әйелдер - 24 255, бала емізетін әйелдер - 61 700. Екінші дозамен: жасөспірімдер - 182 257, жүкті әйелдер - 11 886, бала емізетін әйелдер - 31 853.
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны