17.08.2021, 17:27 5286

Қазақстанда 17 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 6 869 қазақстандық коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. 17 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 16 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 701 345 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 869 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 632; 
 
Алматы қаласында – 1517; 
 
Шымкент қаласында – 450; 
 
Ақмола облысында – 285; 
 
Ақтөбе облысында – 300; 
 
Алматы облысында – 383; 
 
Атырау облысында – 562; 
 
ШҚО-да – 256; 
 
Жамбыл облысында – 171; 
 
БҚО-да – 65; 
 
Қарағанды облысында – 1101; 
 
Қостанай облысында – 273; 
 
Қызылорда облысында – 148; 
 
Маңғыстау облысында – 152; 
 
Павлодар облысында – 330; 
 
СҚО-да – 161; 
 
Түркістан облысында – 83.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 848 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 577 882 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
17 тамызға КВИ-ден 120 488 адам (115 712 КВИ+ және 4 776 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 30 996 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 89 492 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 910 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 529 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 251 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 16 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 7 751 өлім жағдайы тіркелген. 15 тамыз күні КВИ-ден 99 адам қайтыс болды. 
 
15 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 53 жағдайы тіркелді, 19 адам қайтыс болды және 15 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 65 818, өлім – 4 092, сауыққандар – 56 950. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 16 тамызға I компонентпен 6 138 795 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 769 789 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 17 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны