15.07.2021, 19:23 17318

17 шілдеден бастап Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың "Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларын қатаңдату туралы" жаңа қаулысы 2021 жылғы 17 шілдеден сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
 
Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
 
Міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беріледі.
 
Келесі кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" жобасын іске асыру жалғастырылады: йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; спа- орталықтары; сауналар, бассейндер; PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда); боулинг клубтары; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар; асхана үлгісіндегі стрит-фуд объектілерін қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары; облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары; ерікті қатысушылар; караоке; көрмелер; океанариум; марафондар; көрермендермен спорттық іс-шаралар; лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері; балалар ойын-сауық орталықтары (жабық); цирктер; қонақ үйлер, отелдер.
 
Сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыс күшейтіледі.
 
Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс кестесі жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады.
 
Жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен қамтамасыз ететін "Ashyq" жобасына қатысатын қоғамдық көлік объектілерін қоспағанда, қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысына тыйым салынады.
 
Сот отырыстарын оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда, кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге тыйым салынады.
 
ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастырылады.
 
ЖОО және колледж студенттерінің бітіру емтихандарын қашықтық режимінде тапсыру ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындары мен колледждерде бітіру кештерін ұйымдастыруға және өткізуге және дипломдарды офлайн режимде тапсыруға тыйым салынады. Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне диплом беру бойынша жұмысты адамдардың көп шоғырлануын болдырмаумен және беру кестесін белгілей отырып ұйымдастырылады.
 
Абитуриенттердің ЖОО мен колледждерге түсу үшін құжаттарын қашықтық режимінде тапсыру ұйымдастырылады.
 
Сонымен қатар, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады.
 
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, бұл нысандардағы COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен (азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, осы Қаулымен орналасқан жеріне қарамастан қызметі рұқсат етілген объектілерді). Бұл ретте, "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. "Ashyq" жобасына қатысатын фудкорттарды қоспағанда, фудкорттардың жұмысы жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. "Ashyq" жобасына қатысатын фудкорттардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-нан 20.00-ға дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен белгіленеді. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады.
 
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен толтырылуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, азық-түлік емес базарлар үшін COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттерінің жұмысын қоспағанда жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып ұйымдастырылады. Ашық ауада азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, азық- түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық-түлік емес базарлар үшін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып ұйымдастырылады.
 
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елордада ПТР-тесті оң коронавирус ауруының 1 576 жаңа жағдайы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны