18.10.2021, 17:01 12746

ҚР 18 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 1 642 жаңа жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. 18 ҚАЗАН - 2021 жылғы 17 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 918 146 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 642 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 238; 
 
Алматы қаласында - 318; 
 
Шымкент қаласында - 16; 
 
Ақмола облысында - 122; 
 
Ақтөбе облысында - 25; 
 
Алматы облысында - 107; 
 
Атырау облысында - 42; 
 
ШҚО-да - 103; 
 
Жамбыл облысында - 21; 
 
БҚО-да - 37; 
 
Қарағанды облысында - 149; 
 
Қостанай облысында - 114; 
 
Қызылорда облысында - 22; 
 
Маңғыстау облысында - 4; 
 
Павлодар облысында - 168; 
 
СҚО-да - 132; 
 
Түркістан облысында - 24.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 459 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 860 120 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
18 қазанға КВИ-ден 52 825 адам (46 275 КВИ+ және 6 550 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 9 329 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 43 496 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 628 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 177 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 104 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 17 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 751 өлім жағдайы тіркелген. 16 қазан күні КВИ-ден 24 адам қайтыс болды. 
 
16 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 35 жағдайы тіркелді, 7 адам қайтыс болды және 78 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 77 995, өлім – 4 962, сауыққандар – 66 483. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 17 қазанға I компонентпен 8 029 779 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 128 454 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны