20.12.2021, 16:15 111726

ҚР 20 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 379 жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді

ҚР 20 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 379 жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді
Сурет: AP ТАСС
НҰР-СҰЛТАН. 20 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 19 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 983 294 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 379 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 66, 
 
Алматы қаласында - 30, 
 
Шымкент қаласында - 1, 
 
Ақмола облысында - 38, 
 
Ақтөбе облысында - 1, 
 
Алматы облысында - 4, 
 
Атырау облысында - 5, 
 
ШҚО-да - 10, 
 
Жамбыл облысында - 4, 
 
БҚО-да - 5, 
 
Қарағанды облысында - 80, 
 
Қостанай облысында - 16, 
 
Қызылорда облысында - 1, 
 
Маңғыстау облысында - 3, 
 
Павлодар облысында - 51, 
 
СҚО-да - 64, 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 456 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 953 206 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
20 желтоқсанға КВИ-ден 19 721 адам (17 165 КВИ+ және 2 556 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 3 413 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 16 308 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 293 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 73 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 58 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 19 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 923 өлім тіркелді. 18 желтоқсанда КВИ-ден 2 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылдың 18 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 17 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 640, өлім – 5 196, сауыққандар – 75 888. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 19 желтоқсанда I компонентпен 8 899 669 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 363 114 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 169 430, жүкті әйелдер - 12 665, бала емізетін әйелдер - 31 156. II дозамен: жасөспірімдер - 31 993, жүкті әйелдер - 2 778, бала емізетін әйелдер - 6 808. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны