20.01.2022, 16:44 37826

ҚР 20 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус ауруының өсуі жалғасуда

ҚР 20 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус ауруының өсуі жалғасуда
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 19 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 100 876 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 15 872 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 5 050, 
 
Алматыда - 2 025, 
 
Шымкентте - 420, 
 
Ақмола облысында - 750, 
 
Ақтөбе облысында - 459, 
 
Алматы облысында - 432, 
 
Атырау облысында - 568, 
 
ШҚО-да - 542, 
 
Жамбыл облысында - 257, 
 
БҚО-да - 376, 
 
Қарағанды облысында - 2 944, 
 
Қостанай облысында - 402, 
 
Қызылорда облысында - 399, 
 
Маңғыстау облысында - 250, 
 
Павлодар облысында - 710, 
 
СҚО-да - 155, 
 
Түркістан облысында - 133.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 236 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 978 588 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
20 қаңтарға КВИ-ден 110 731 адам (109 183 КВИ+ және 1 548 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 8 344 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 102 387 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 299 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 88 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 49 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 19 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 105 өлім жағдайы тіркелген. 18 қаңтарда КВИ-ден 8 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 18 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 124 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды, 162 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 85 052, өлім - 5 245, сауыққандар - 78 259. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 19 қаңтарда I компонентпен 9 093 484 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 655 408 адам вакцинацияланды. 
 
2022 жылдың 19 қаңтарына Pfizer вакцинасымен егілді: бірінші компонентпен - 508 657 адам, екінші компонентпен - 262 263. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны