23.09.2021, 18:17 6660

ҚР 23 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирустық инфекцияның 2693 жаңа жағдайы

НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 22 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 870 059 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 191; 
 
Алматы қаласында – 549; 
 
Шымкент қаласында – 125; 
 
Ақмола облысында – 143; 
 
Ақтөбе облысында – 133; 
 
Алматы облысында – 256; 
 
Атырау облысында – 69; 
 
ШҚО–да – 135; 
 
Жамбыл облысында – 55; 
 
БҚО–да – 99; 
 
Қарағанды облысында – 431; 
 
Қостанай облысында – 105; 
 
Қызылорда облысында – 56; 
 
Маңғыстау облысында – 38; 
 
Павлодар облысында – 192; 
 
СҚО-да - 79; 
 
Түркістан облысында - 37.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 905 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 801 673 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 қыркүйекке КВИ-ден 66 215 адам (57 473 КВИ+ және 8 742 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 11 653 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 54 562 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 962 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 239 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 131 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 22 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 913 өлім жағдайы тіркелген. 21 қыркүйек күні КВИ-ден 53 адам қайтыс болды. 
 
21 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 247 жағдайы тіркелді, 9 адам қайтыс болды және 162 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 74 674, өлім – 4 769, сауыққандар – 61 163. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 22 қыркүйекке I компонентпен 7 408 957 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 289 238 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны