23.12.2021, 18:03 12231

ҚР 23 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа оралды

ҚР 23 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа оралды
Сурет: gagauzinfo.md
НҰР-СҰЛТАН. 23 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 22 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 984 556 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 477 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 85, 
 
Алматы қаласында - 37, 
 
Шымкент қаласында - 9, 
 
Ақмола облысында - 43, 
 
Ақтөбе облысында - 3, 
 
Алматы облысында - 16, 
 
Атырау облысында - 8, 
 
ШҚО-да - 27, 
 
Жамбыл облысында - 3, 
 
БҚО-да - 17, 
 
Қарағанды облысында - 45, 
 
Қостанай облысында - 51, 
 
Қызылорда облысында - 3, 
 
Маңғыстау облысында - 2, 
 
Павлодар облысында - 51, 
 
СҚО-да - 74, 
 
Түркістан облысында - 3.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 588 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 955 360 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 желтоқсанға КВИ-ден 18 685 адам (16 239 КВИ+ және 2 446 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 2 947 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 15 738 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 262 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 73 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 62 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 957 өлім тіркелді. 21 желтоқсанда КВИ-ден 15 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылдың 21 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 75 жағдайы тіркелді, 116 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 807, өлім – 5 203, сауыққандар – 76 158. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 22 желтоқсанда I компонентпен 8 923 124 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 415 877 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 198 256, жүкті әйелдер - 14 538, бала емізетін әйелдер - 35 765. II дозамен: жасөспірімдер - 59 288, жүкті әйелдер - 4 292, бала емізетін әйелдер - 10 718. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны